Шығыс Қазақстан облысына қарасты бес қаланың біреуі Курчатов қаласы болып табылады. Мұндағы қала тұрғындарының негізгі мақсаты мен қызметі - ғылыми потенциалды сақтау, ғылыми - өндірістік нысандарды пайдалануға беру және дамыту, олардың жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қаланың әлеуметтік - экономикасын дамыту. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру жолында атқарушы және өкілетті билік органдары, Ұлттық ядролық орталық және оның еншілес кәсіпорындары, Ядролық технологиялар паркі, меншік нысанындағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар еңбек етуде. Бүгінгі таңда Курчатов қаласы сенімді түрде қарқынды дамып, абаттанып келеді. Tолығырақ...

Құрметпен, Курчатов қаласының әкімі А. Генрих

ЖАҢАЛЫҚТАР
0
27.01.2012  Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз!
27 қаңтарда сағат 11.00-де бес мыңға жуық курчатовтықтар ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын зор ықыласпен қарады. Қаланың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінде жылдың маңызды бағдарламалық құжатын ұжыммен көру ұйымдастырылды. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдаудың атауынан барша қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқауға болады.
0
27.01.2012  Курчатов қаласындағы «Қазақстан және БҰҰ» атты дөңгелек үстел
23 қаңтар күні қалалық кітапхананың қызметкері Л.В. Бабичтің ұйымдастыруымен 3514 әскери бөлімінде «Қазақстан және БҰҰ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Осы аталған шараға әскери бөлімінің офицерлері мен мемлекеттік және құқықтық дайындық бөлімдерінің жетекшілері қатысты.
0
26.01.2012  Журналистика үйірмесі
Курчатов қаласында бірнеше жылдар бойы «Курчатов» видеостудиясы тұрақты жұмысын жалғастырып келеді. Бұл жылдарда студияның редакторы Оксана Кулева көп тәжірибе жинақтап үлгерді. Мінекей, бүгінгі таңда «Скала» балалар-жасөспірімдер клубының жанында журналистика үйірмесі ашылды. Қазір үйірмеде қаламыздың мектеп оқушылары дайындалуда.
0
26.01.2012  Жастар ісі жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы
25 қаңтар күні Курчатов қаласында Курчатов қаласы әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өтті. Кеңес құрамы өзгертілді, жастар құрамы қаламыздың кәсіпорындары мен ұйымдардының, мекемелерінің жас әрі белсенді қызметкерлерімен толықты. Қазіргі таңдағы жастар Кеңесінің құрамында – ғылым қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер бар, яғни, барлығы 20 адам.
0
25.01.2012  Шағын футбол бойынша біріншілік
Курчатов қаласының балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қаланың ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелерінің командалары арасында шағын футбол бойынша қысқы біріншілік өтті.
0
24.01.2012  Жұмыс жиналысы
23 қаңтарда Курчатов қаласында қала әкімі Александр Генрихтың басшылығымен дербес бөлімдерінің бастықтарымен жұмыс жиналысы болып өтті.
0
23.01.2012  Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның отырысы
20 қаңтарда Курчатов қаласында кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Комиссия отырысында 2012 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі меңгерушілердің қысқы демалыстарда атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалып, қала мектептерінен түскен өтініштер мен қолдаухаттар қаралды.
САУАЛ
Қаланың дамуы жөніндегі ақпаратты қандай қайнар көздерден білгенді қалайсыз?
«Курчатов» теледидарлық студия
«Спектр.Резонанс» және «Курчатов көкжиегі» газеттері
Туыстар мен таныстар
Әкімшілік (жұмыста, оқуда)
Курчатов қаласы әкімінің интернет сайты
Қызықпаймын
Жауап беруге қиналамын
<< Қаңтар >>

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1
2345678
>
9101112131415
>
16171819202122
>
23242526272829
>
3031
Жаңалықтарға жазылу:


Келушілер: 938898
Copyright © 2009-2012

071100, Қазақстан Республикасы,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4

Сайт әкімшісі:Жантоқова Құралай Серікқызы
Сайт әкімшісінің телефоны: 8(72 251) 2-38-32
e-mail: syte@kurchatov.vko.gov.kz