Шығыс Қазақстан облысына қарасты бес қаланың біреуі Курчатов қаласы болып табылады. Мұндағы қала тұрғындарының негізгі мақсаты мен қызметі - ғылыми потенциалды сақтау, ғылыми - өндірістік нысандарды пайдалануға беру және дамыту, олардың жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қаланың әлеуметтік - экономикасын дамыту. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру жолында атқарушы және өкілетті билік органдары, Ұлттық ядролық орталық және оның еншілес кәсіпорындары, Ядролық технологиялар паркі, меншік нысанындағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар еңбек етуде. Бүгінгі таңда Курчатов қаласы сенімді түрде қарқынды дамып, абаттанып келеді. Tолығырақ...

Құрметпен, Курчатов қаласының әкімі

ӘКІМНIҢ БЛОГЫ

 

Жаналықтар мұрағаты

0
26.05.2017  Курчатов қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
25 мамыр күні Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысыта «Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға жұмыс орындарының квотасы туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің қаулы жобасын және «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының шешім жобасын қарастырылды.
0
26.05.2017  Соңғы қоңырау мерекесі
Кем дегенде қаланың 69 мектеп бітіруші түлектері үшін бүгінгі күн өміріндегі ерекше күндердің бірі болып есте қалады. Өйткені, олар дәл осы күнде өздерінің қимас бір мекеніне айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген алтын ұя мектептерінен ұшып, үлкен өмірге қадам басқалы отыр.
0
25.05.2017  Дабылды ескерту !
"Казгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша 26-27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.
0
24.05.2017  «Жастар эсктремизмге қарсы» акциясы өтті
23 мамыр күні Курчатов қаласының Тәуелсіздік алаңында жастар мен оқушылардың арасында діни экстремизммен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Жастар экстремизмге қарсы» акциясы өтті. Акцияға қалалық полиция бөлімшесінің қызметкері, мәдениет үйінің әртістері, «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесінің өкілі белсене қатысты.
0
24.05.2017  Кезекті отырыс
25 мамыр күні сағат 16:00-де әкімдіктің отырыс залында Қоғамдық кеңес «Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға жұмыс орындарының квотасы туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің қаулы жобасын және «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының шешім жобасын қарастырады.
0
24.05.2017  2017 жылдың 23 мамырында Ақсу қаласында 1/4 қалалаық лига ойыны өтті
2017 жылдың 23 мамырында Ақсу қаласында 1/4 қалалаық лига ойыны өтті. Осы ойынға біздің «Болашақ» командамыз қатысып «Сәлемдесу», «Ширату» сияқты сайыстарда жоғарғы ойын көрсете білді.
0
23.05.2017  Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына - 25 жыл
2017 жылғы 19 мамыр күні Курчатов қаласының қала құрушы кәсіпорны – Ұлттық ядролық орталығы 25 жылдығын атап өтті. 1992 жылғы 15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қаулысымен Семей сынақ полигонының кешенінің және ғылыми ұйымдардың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды.
0
23.05.2017  ШҚО әкімінің орынбасары іссапарымен Курчатов қаласына келді
2017 жылғы 19 мамыр күні Курчатов қаласына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағанов жұмыс сапарымен келді.
0
22.05.2017  Дәстүрлі Абай оқулары өтті
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен Қалалық достық үйінде «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» дәстүрлі Абай оқулары өтті.
0
22.05.2017  Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына
2017 жылдың 14 маусымында сағ. 10.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.
0
22.05.2017  «БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап береді...
Таяуда, ағымдағы жылдың сәуір айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді сол арқылы кез келген ниет білдіруші азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайында тікелей сұрақ қоя алады.
0
22.05.2017  2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу туралы хабарландыру
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын жариялау туралы хабарлайды. 
0
17.05.2017  Дабылды ескерту !
"Казгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша түнде 17-19 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі.
0
17.05.2017  Құрметті Эрлан Гадлетович және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері!
Сізді Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылуының 25-жылдығымен құттықтаймын. Орталықтың құрылуы бірегей ғылыми-техникалық кешенді сақтап,..
0
15.05.2017  «БЖЗҚ» АҚ-ның 2017 жылдың 1 ширегіндегі қызметінің қорытындылары
Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзіндік активтері бойынша қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептілік стандартына сәйкестікті расталған.
0
11.05.2017  «Айбын» әскери-спорттық жастар жиыны өтті
2017 жылғы 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25-жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай № 3514 әскери бөлімінің атыс алаңында қалалық «Айбын» әскери-спорттық жастар жиыны өтті.
0
11.05.2017  Қала жастары флешмоб ұйымдастырды
Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арнап, Курчатов қаласының жастары флеш-моб ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – егемен еліміздегі отансүйгіштік сезімін арттыру. Флешмобқа 50-ден астам қала жастары қатысты.
0
11.05.2017  Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін онлайн ұзартуға болады
Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай-ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді.
0
10.05.2017  «Бала шақтан - болашаққа мемлекеттік тілмен»
2017 жылдың 4 мамырында Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай, Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа мемлекеттік тілмен» қалалық конкурсы өткізілді.
0
10.05.2017  Курчатов қаласының тұрғындары Жеңіс күнін мерекеледі
Курчатов қаласының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын атап өтті. Қаламызда үшінші жыл қатарынан «Мәңгілік полк» акциясы жүргізіліп жатыр. Осы жылы қаланың 200 тұрғыны Ұлы Отан соғысына қатысушы жақындарының суреттерін көтеріп Мәңгілік полк қатарында өтті.
0
10.05.2017  Әскери әндер кеші өтті
Соғыс күндері біздің аталарымызға күш-қуат беріп, Жеңіске жетелеген ынталандырушы күштің бірі - ән. Бүгін, 70 жылды араға салып Курчатов қаласының тұрғындары достарымен сүйікті әндерді айту және қала әншілерінің орындауында әскери әндерді тамашалау үшін Ертістің жағалауында жиналды.
0
04.05.2017  №2 мектепте «Кәсіби бағдар» атты кәсібибағыт жұмыс апталығы өтті
Кәсіби апталықта өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты - бұл оқушыларға өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби жағдайында қызмет аясын таңдау еркіндігіне сәйкес көмек көрсету.
0
03.05.2017  Исин Эрик Сакеновичті еске алуға арналған Қол күрестен 1999 ж.т және одан жастар арасындағы ШҚО ашық турнирі.
2017 жылдың сәуір айының 28 – 30 күндері Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылында Исин Эрик Сакеновичті еске алуға арналған қол күрес спортынан Шығыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтеді.
0
03.05.2017  «Біздің күшіміз бірлікте»
Көктемнің күншуақ күнінде Қазақстан халқының ең маңызды мейрамдарының бірі «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін» атап өтуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық.
0
03.05.2017  Дмитрий Гурскийге көмек көрсету бойынша шағын футболдан турнир
2017 жылғы 29 сәуір күні балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде автокөлік апатынан зардап шеккен Дмитрий Гурскийге көмек көрсету бойынша шағын футболдан турнир өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Курчатов қаласының Жастар ресурстық орталығы.
0
03.05.2017  Курчатов қаласының 70 жылдығы, ҰЯО 25 жылдығына арналған қала оқушылары арасында 2003 – 2004 жылғылар арасында президенттік көпсайыс жарысы.
2017 жылдың 27 сәуір күні сағат 15:00 – де, Орталық стадионда «ҚР ШҚО Курчатов қаласы бойынша БЖСМ» ұйымдастыруымен қала оқушыларының Курчатов қаласының 70 жылдығы, ҰЯО 25 жылдығына арналған қала оқушылары арасында 2003 – 2004 жылғылар арасында президенттік көпсайыс жарысы өткізілді.
02.05.2017  Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына
Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясы 2017 жылдың 5 мамырында сағ. 15.00-де Тәуелсіздік көшесі 4, (1-қабатта) мекен-жайы бойынша қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.
САУАЛ
Сіз соңғы жылдары қаланың мемлекеттік органдары жұмысында өзгерістер болғанын сезесіз бе?
Иә
Нақты өзгерістер көрмедім
Жоқ
Жаналықтар Мұрағаты
<< Мамыр >>

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
>
891011121314
>
15161718192021
>
22232425262728
>
293031
Жаңалықтарға жазылу:

 

 

 

 

 

Copyright © 2009-2017

071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Кеңсе бөлімінің телефоны: 8 (72251) 3-37-95, 8 (72251) 3-29-39
e-mail: it.kurchatov@akimvko.gov.kz 
Сайт әкімшісі: Шамиев Адлет Ануарханов
Сайт әкімшісінің телефоны: 8(72251) 7 90 29
e-mail: d.kabieva@akimvko.gov.kz