Ветеринария, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары

Курчатов қаласыныңауылшаруашылығыжәнежерқатынастарыбөліміменжүргізіліпжатқанжұмыстары туралы ақпараты

Курчатов қаласының аумағында 1 шаруа және 4 фермерлік қожалықтары жұмыс істеуде. Қала бойынша негізгі мәселе ауыл шаруашылығына арналған жердің жоқтығы. Он бір ай қорытындысы бойынша (2019 жылдың қаңтар-қараша) ауыл шаруашылық тауарларының өндірісі келесідей:
Ет 116,4 тонна (1,5% өсім)
Сүт 718,9 тонна (0,6%өсім)
Жұмыртқа 100,2 мың.дана (0,7%өсім).
Ауыл шаруашылық мал басы:
ІҚМ 1478 бас (10,1% өсім)
Қой мен ешкі 3582 бас (2,9% өсім)
Шошқа 102 бас (былтырғы жылғы деңгейде)
Жылқы 315 бас (0,3% өсім)
Құс 2839 бас (16,4% өсім) құрады.
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы (ӨЖШ) 558,0 млн.теңгені құрады. Онын ішіндегі өсімдік шаруашылығының ӨЖШ 363,9 млн. тн. Мал шаруашылығының ӨЖШ 194,1млн. тг. Ауыл шаруашылығы НИК 100,2 % құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы НИК 100,0%  және мал шаруашылығы НИК 100,8%.
Жалпы егін ауданы  105,5 га құрады, оның ішінде 12 гектар көкөністер, 6,2 гектары бақшалық дақылдар және 87,3 гектар картоп. Олардың 9 гектары ғана фермерлік шаруашылықтарда, қалған 96,5 гектары жұртшылық шаруашылықтарында (бақшаларында) өсірілді.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандару үшін 2019 жылдың басынан бері 53 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оның ішінде: 50 апта сайынғы, 2 Семей қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен және 1 Бескарағай ауданы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілді. Сондай-ақ, Курчатов қаласының әкімдігі және «Агрофирма «Приречное» ЖСШ келесі өнімдер бойынша уақытша тұрақтандыру қорын құру туралы меморандум жасалды: 100 тонна картоп, 30 тонна сарымсақ, 20 тонна сәбіз, 40 тонна қырыққабат. Босату  бағасы 65 теңге/кг.

Жер қатынастары саласы бойынша ақпарат

2019 жылдың басынан «ШҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлім» ММ жер қатынастары мәселелері жөнінде  142 өтініштер келіп түсті:
Жеке тұлғалар– 118 өтініш.
Заңды тұлғалар – 24 өтініш.
ҚР жер кодексінің талаптарына сәйкес барлық өтініштер уақытында қаралып, жауап берілді.
2019 жылдың басынан бекітілген жер қатынастары жөніндегі комиссия отырыстарын өткізу кестесіне сәйкес Курчатов қаласының аумағында жер комиссиясының 10 отырысы өткізіліп, азаматтардың 81 өтініші қаралды. Жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде 51 жер телімі берілді:

  1. Жалпы ауданы 5,061 га құрайтын 38 жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы;
  2. Жалпы ауданы 0,070 га құрайтын 12 жер теліміне жеке меншік құқығы;
  3. Жалпы ауданы 1,4234 га құрайтын 1 жер теліміне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы табыс етілді.

Жылдың басынан бастап  «ШҚО Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен:
12  жеке меншік құқығын сату-сатып алу шарттары жасалып,бюджетке түскен түсім 1 291 400 тенгені құрады;
25 жалға алу мерзімін сатып алу шарты жасалып, бюджетке түскен нақты түсім 12 717 400 тенгені құрады;
жылдық жалға алу ақысы 472 542 тенгені құрайтын 38 жалға беру шарты жасалды.
Бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне (ЖТҮҚ) арнайы есепте  837 азамат тұр. Азаматтарының өтініштері ЖТҮҚ алаңдарының дайын болуына қарай қанағаттандырылатын болады.
ҚР Жер кодесінің 48 баптың 1-тармағына сәйкес, пайдаланылуға берілмеген мемлекет меншігіндегі жер телімдері немесе жер телімдерін жалдау құқығы беру сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы жүргізіледі.
Өткен кезеңде 3 аукцион өткізіліп жалпы сомасы 559 799 теңге, ауданы 0,08 га болатын 13 жер телімінің жалға алу мерзімі сатылды.
Жерлерді қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар:
Жалдау мерзімінің аяқталуына және меншік иелерінің жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартуына байланысты 25 жер телімдерінің пайдалану құқығы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта бөліммен қайтыс болған тұлғалардың жер телімдерінің заңды мұрагерлерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заңды мұрагерлерлер анықталған жағдайда мұрагерлікті қабылдап мүлікті тіркеу жөнінде түсініктемелік жұмыстар жүргізілуде. Мұрагерлер анықталмаған жер телімдері иесіз жылжымайтын мүлік ретінде бөліммен есепке қойылуда.
Осы бағыттағы жұмыстар үнемі бақылауда.

Мемлекеттік қызметтер.

Бөліммен 18 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жыл басынан 109 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ол қызметтің: 48 мемлекеттік корпорация арқылы, 11- Е-лицензирование арқылы, 50ЭҮП арқылы көрсетілді. ЭҮП арқылы көрсетілген қызмет үлесі 45,8 % құрады. Соның ішінде:
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту– 48;
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту– 32;
Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру– 11;
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру– 8;
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу– 10.

 

Парақтар өзгертілді: 19-02-2020