|
Курчатов қаласының әкімі – Генрих Александр Николаевич
Генрих Александр Николаевич - 1958 жылғы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха қаласында дүниеге келген, ұлты - орыс.
1985 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын мыс-химия комбинатында көлік жүргізушісі болып бастаған. Кейін 8 жыл бойы Шемонайха қаласының автобус паркінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
1995-1999 жылдар аралығында бизнес құрылымдарда қызмет етті.
1999 жылдан 2005 жылға дейін – Шемонайха қаласының әкімі.
2005-2009 жылдарда – Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары.
13 мамырда Курчатов қаласының әкімі болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеті:
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің нормативті актілерін, реформалауды, облыс экономикасын, ішкі қауіпсіздікті, қоғамдық-саяси тұрақтылығын, құқықтық тәртібін бекітуді, қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастыру және дамыту, қаланың бюджетін қайта өңдеуін және оның орындалуын бақылауын, басқарманың жүйелі құрылуын, кадрлық саясатты орындау бойынша стратегиалық және ағымдағы міндеттерді шешу.
Облыс әкімі аппаратымен, мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен қарым-қатынаста қаланың мүддесін білдіреді.
Шығыс Қазақстан облысы әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстарды енгізеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын енгізеді.
Мынандай лауазымды тұлғаларды лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады: қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары.
Прокуратурасымен, сотымен, ұлттық қауіпсіздік департамент Комитетінің бөлімімен, полиция бөлімімен, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департамент полициясының 5 бөлімімен, әділет басқармасымен, Курчатов қаласы бойынша сот әкімшілігімен, әскери бөлім 3514-пен ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады.
Қала әкімдігінің, мемлекеттік – құқықтық, әкімшілік-аумақтық құрылыс, қылымсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі координациялық кеңес, бюджеттік комиссия және Ядролық технологиялар паркінің мәселелері.
Қабылдау уақыты:
Жұма сайын бейсенбі күндері сағат 15.00-ден 18.00 дейін.
Телефон:
8-(72251)-2-36-01
Шығыс Қазақстан облысына қарасты бес қаланың біреуі Курчатов қаласы болып табылады. Мұндағы қала тұрғындарының негізгі мақсаты мен қызметі - ғылыми потенциалды сақтау, ғылыми - өндірістік нысандарды пайдалануға беру және дамыту, олардың жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қаланың әлеуметтік - экономикасын дамыту. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыру жолында атқарушы және өкілетті билік органдары, Ұлттық ядролық орталық және оның еншілес кәсіпорындары, Ядролық технологиялар паркі, меншік нысанындағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар еңбек етуде. Бүгінгі таңда Курчатов қаласы сенімді түрде қарқынды дамып, абаттанып келеді. Қала өмірі көптеген маңызды да қызықты оқиғаларға толы, олар туралы «электронды әкімдік» құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жасалған әкімнің web – сайтынан біле аласыздар. Бұл сайт интернетті қолданушылар мен атқарушы билік органдары арасында ақпарат алмасудың тиімді үлгісі болатынына сенімдімін. Ол үшін біз «Форум», «Интерактивті сұрау» айдарларын енгіздік, мұңда виртуалды қабылдау жұмыс істейді. Сіздерден сұрақтар мен ұсыныстар күтеміз. |