ШҚО және қала әкімінің есеп беруі

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі
АХМЕТОВ ДАНИАЛ КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢ

тұрғындар алдындағы есебі 2017 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де облыстық драма театрында мына мекен жай бойынша өтеді: Өскемен қ.,  Қ. Сәтпаев даңғылы, 82 А.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі есебінің тезистеріне ұсыныстар мен ескертулеріңізді барлық деңгейдегі әкімдіктер ғимараттарында орнатылған ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшіктер арқылы немесе облыс әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдары арқылы бере аласыздар. 

 

Құрметті курчатовтықтар!
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі НҰРБОЛ ЖОЛДАСПЕКҰЛЫ НҰРҒАЛИЕВТІҢ
тұрғындар алдындағы есебі 2017 жылғы 24 қаңтарда сағат 10.00-де «№ 3 орта мектеп» КМК (мекен-жайы: Олимпийская көшесі, 3), 2017 жылғы 25 қаңтар сағат 15.00-де «Ұлттық ядролық орталық» РМК (мекен-жайы: Красноармейская көшесі, 2, 54 б ғимараты) және 2017 жылғы 27 қаңтарда сағат 10.00-де қалалық Мәдениет үйінде (мекен-жайы: Тәуелсіздік көшесі, 2) өтеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі есебінің тезистеріне ұсыныстар мен ескертулеріңізді «Қазпочта» АҚ, қалалық аурухана, ХҚКО мен әкімдік ғимараттарында орнатылатын ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшіктер арқылы,  облыс әкімінің  www.kurchatov.vko.gov.kz  сайтындағы «ШҚО және қала әкімінің есеп беруі» айдары арқылы немесе ұсыныстар мен ескертулер жинау үшін сенім телефоны бойынша 8 (72251) 7 90 97 нөмірі арқылы бере аласыздар.

Курчатов қаласы әкімінің 2017 жылғы 24, 25 және 27 қаңтарда
халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу
кестесі

Аймақ

23.01.
дүйсенбі

24.01.
сейсенбі

25.01.
сәрсенбі

26.01.
бейсенбі

27.01.
жұма

28.01.
сенбі

Курчатов
қаласы

 

Курчатов қ.
«№3 орта мектеп» КММ
сағат 10.00

Курчатов қ.
«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК
сағат 15.00

 

Курчатов қ.
Қалалық Мәдениет үйі
сағат 10.00

 

 

 

Курчатов қаласының әкімі Н.Ж. Нұрғалиевтің тұрғындар алдында2016 жыл бойынша есептік баяндамасының тезистері
 
Курчатов қаласы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары тұрақты көрсеткіштерді көрсетуде, жеке көрсеткіштер бойынша өсу беталысы бар.
Халық саны өсіп келеді (2016 жылғы 1 қаңтарда – 12 273 адам, 2016 жылғы 1 мамырда – 12 365 адам).

Қала бойынша орташа айлық жалақы 127 638 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,3 % артық.
Қаланың өз табыстары бойынша бюджеті 2016 жылғы 1 жетоқсанда 903,8 млн. теңгеге немесе 119,1 % орындалды.
2016 жылдың 1 желтоқсанындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2481,0 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 365,6 млн. теңгеге жоғары. Өсу қарқыны – 117,2 %.
Кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі 1009,5 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары.
Өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі 744,9 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны – 125,3 %.
Кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі 1009,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 млн. теңгеге жоғары, нақты көлем индексі – 103,5 %.
Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі 1 456,9 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 516,1 млн. теңгеге жоғары. Өсу қарқыны – 154,9%
2015 – 2017 жылдары моноқалаларды дамыту кешенді жоспарларын өзектендіру аясында Курчатов қаласы бойынша «якорлі» жоба ретінде «Кальций гидрооксидін шығару өндірісін жаңарту» инвестиционды жоба жоспарланған, өтінім беруші - «Казхимтехснаб» ЖШС-і. Іске асыру кезеңі 2017 жыл, жоба құны – 2 млрд. 970 млн. теңге, 157 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-мен жүзеге асырылатын «Радияциялық-тігінді су сіңіргіш суперабсорбенттің өндірісін құру» жобасы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен қаржыландырылды.
2016 жылдың 1 желтоқсанында тіркелген шағын бизнес кәсіпорындар саны - 88 (2015 жылы – 89), соның ішінде жұмыс істейтіні 50 (2015 жылы - 54), өсу – 92,6%; белсендісі – 37 (2015 жылы - 37) 100% құрады.
Барлығы 74 сауда объектілері жұмыс істейді.
2016 жылғы 1 желтоқсанына бөлшек сауда тауар айналымының көлемі– 4 415,2 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны – 79,3%.
2 кәсіпорынның іске қосылды - «МунайГазИзоляция» ЖШС (производство термоқондырулы манжеттер және ленталар өндірісі), «СЗНП» ЖШС (құрылыс саласындағы қызметтер).
2016 жылғы қаңтар - қараша айы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарлар, жұмыс және қызметті мемлекеттік сатып алулар көлемі 124,5 млн. теңгені құрады.
2017 жылы «Қонақ үй кешені үшін Тәуелсіздік көшесі бойындағы ғимараттарды қайта құру» жобасы жоспарлануда, өтінім беруші – В. Ли. Жоба сомасы – 182,0 млн. теңге. Қазіргі уақытта жобаның өтімін берушісімен қаржыландыру мәселелері бойынша екінші дәрежелі банктерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2016 жылыдың қаңтар – қараша айларында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдау бірыңғай жобасының «Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жана бизнес идеяларын қолдау» бірінші бағыты бойынша қала кәсіпкерлерінің төленген субсидия сомасы 7,0 млн. теңгені құрады.
2016 жылдың басынан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 10,7 млн. теңге көлемінде 3 жобаға несие берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде өз ісін ашуға және кеңейтуге 2016 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2 адамға 8 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Туристік сала дамып келе жатыр. Техникалық және өнеркәсіп туризммен айналысатын шетелдік туристер бұрынғы Семей сынақ полигонының нысанына үлкен қызығушылық танытады.
Курчатов қаласының нарығын кеңейту және қалалық бюджеттің кіріс бөлігін жоғарлауына, кәсіпкерлік ниеттерді дамуына жағдай жасау үшін Курчатов қаласының әкімдігі ҚР «Ұлттық ядролық орталығымен» бірлесе отырып ССП нысандарын туристік турларды ұйымдастырудың тұжырымдамасы әзірленді.
2016 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 1456 турситке қызмет көрсетілді (резиденттер емес – 149, резиденттер – 1307), ақшалай шағылуы 12,3 млн. теңгені құрайды.
2016 жылы қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға 61 369,8 мың теңге қаржы бөлінді. Ауданы 2500 м2 гүлдер мен 5500 м2 көгалдар отырғызылды, 260 қурап қалған ағаштар кесіліп, металл қоршаулар жөнделді.
34 ішкі кварталішілік 34 ойын алаңдары жөнделіп қалпына келтірілді.
Автомобиль жолдарын ұстауға 63,7 млн теңге қаржы бөлінді, ол 2015 жылы бөлінген қаржыдан екі есе көп, жалпы ауданы 3177 м2 жолдардың шұңқырына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кварталішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Workout» спорттық-сауықтыру алаңын (15615,0 мың теңге) және «Үздік аула» қалалық конкурсының жеңімпазы атанған аулада балалар ойын алаңын (7000,0 мың теңге) орнату бойынша жұмыстар басталды.
Абай және Курчатов көшелерінде 8 дана түнгі декоративтік жарықтар мен орталық алаңда декоративтік фонтанды орнату жұмыстары жүргізілді.
25 қоқыс контейнер алаңдары мен 75 контейнерлерді орнату жұмыстары аяқталды. Қала қазандықтары аумағынан 8967 тонна көлеміндегі шлак шығарылды.
«Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған меморандум аясында бөлінген қаржыдан 26,6 млн теңге сомасына Бийск қаласында жасалған 4 қазандық, ЦБ-20 маркалы 4 циклон және су дайындау қондырғысы орнатылды. Алынған қондырғылар № 4 қазандықта орнатылды.
«ККЭК» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жеткізушілер алдындағы кредиторлық берешек 227,2 млн. теңгеден 92,1 млн. теңгеге азайтылды. Жылу маусымының соңына, кредиторлық берешекті 51,0 млн. теңгеге дейін қысқартып, шығынсыз деңгейге шығу жоспарланған.
2016 жылы «Курчатов Водоканал» МКК шығынсыз деңгейге шығуға қол жеткізді. 2015 жылдың 01 шілдесінен тарифтердің өсуі есебінен, тарифтердің тапшылығы есебінен құрылған шығындар жабылды. Бірқатар техникалық, технологиялық үдерісті оңайландыру шаралары жүргізілді, ол кәсіпорынның жалпы шығындарының азаюы мен электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік туғызды. Сонымен бірге кәсіпорынның өз күшімен 20629,0 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2016 жылдың 11 айында халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамту сұрақтары бойынша 622 жұмыссыз азаматтар жүгінді, (2015 жылы – 373 адам).
2016 жылдың 11 айы ішінде 412 адам жұмысқа орналастырылды (2015 жылы – 305 адам).
Есептік мерзімде 385 жаңа жұмыс орыны құрылды (2015 жылы – 404 адам). Ақылы қоғамдық жұмыстарға 151 адам жолданды (2015 жылға қарағанда 6,4% артық), олардың ішінде 32 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2016 жылға мемлекеттік атаулы көмекке 2 отбасыға 94,0 мың теңге бөлінді. 2016 жылға мемлекеттік балалар жәрдемақысына 104 бала 1 270,0 мың теңге алды. Облыс әкімінің гранты бойыша Курчатов қаласында балаларды оқытуға облыстың жоғарғы оқу орындарында 4 шәкіртке 3 640,0 мың теңге төленді.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты – Инфрақұрылым мен тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 2016 жылда 59 486,0 мың теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатқа 4 жоба іске асырылды. Қаражат «Журавушка» Курчатов қаласының балабақшасы» МКҚК ғимаратының терезелерінің және есіктерінің ойықтарын күрделі жөндеуіне, № 2 орта мектеп ғимаратының жылумен қамтамасыз ету бойынша күрделі жөндеу жасауына, «Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ ғимаратының спорт залына күрделі жөндеу жасауына жұмсалды.
«ШҚО Курчатов қаласындағы 600 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беретін орта мектебінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру аяқталды. Келісімнің жалпы құны – 867,44 млн. теңге. Мектептің ашылуы 2017 жылдың қаңтарына жоспарланып отыр. 
Пионерская,5 көшесінде орналасқан ғимаратты «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-нан қаланың коммуналдық меншіктігіне «Күншуақ» Балабақшасы» КМҚК негізіне тапсыру рәсімі аяқталды. 2017 жылы жаңа бала бақшаны ашу жоспарлануда. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің аясында 150 орынға арналған «Тополек» балабақшасын қалпына келтіру бойынша тұжырымдамасы әзірленді.
Қала жастары саласында жұмыс атқаратын Жастар ресурстық орталығымен 65 іс-шараны ұйымдастырды, «Жасыл Ел» бағдарламасы жүзеге асырылды. Қалада 200 адамды құрайтын 16 шығармашылық топтары жұмыс атқарады. 2016 жылда Мәдениет ұйымдары 220-дан астам іс-шараны өткізді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және спортсмендерді қолдау бойынша жұмыстар жалғасуда. 2016 жылда жасөспірімдер арасында таэквандодан облыс чемпионаты, ерлер және әйелдер арасында қол күресі бойынша әкім кубогы, қазақша күрестен турнир өтті.
Қалалық аурухана кадрлепмен толықтай қамтылды: 34 дәрігер, олардың ішінде 21 квалификациялық дәрежелі; 85 адам орта медициналық қызметкерлер, олардың 52-де квалификациялық дәрежесі бар.
2016 жылғы желтоқсан айында аурухана ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Өткен жылда медициналық құрылғыларды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 1 550 000 теңге бөлінді. Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан облыстық «Парыз» қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры құны 86,718 теңгені құрайтын медициналық құрылғы ұсынылды. Медициналық құрылғы қатерлі ісіктерді және онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау үшін, жүрек-қан тамырларының ауруларының диагностикасы және дезинфекциялау-зарарсыздандыру тәртібін сақтау үшін арналған.
2016 жылғы 11 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 1 629,4 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе жоғары.
Қаланың бас жоспары бойынша жеке тұрғынүй салуға 42 га жер бөлінген. ЖТС үшін жер учаскесін алу кезегінде 816 адам тіркелген.
ҚР Жер Кодексінің 44 бап 8 тармағына сәйкес, толық жоспарлау жобасы және (немесе) құрылыс жобасы (ТЖЖ) болмаған жағдайда құрылыс үшін жер беруге тыйым салынады.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі толық жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша келісім шартқа қол қойды, «Градо» жоба ұйымы жұмысқа кірісті. 
Жемқорлықпен күрес бойынша жұмысқа аса назар аударылды. 2016 жылдың мамыр айында «Нұр Отан» партиясының Курчатов қалалық бөлімшесі және ШҚО бойынша жемқорлыққа қарсылық жөніндегі бюросы Ұлттық Департаментінің Семей аумағы бойынша жемқорлыққа қарсылық жөніндегі аймақаралық басқармасы арасында жемқорлықтың алдын алу саласындағы өзара қарым-қатынас туралы меморандумы бекітілді. Аталған Меморандумды жүзеге асыру бойынша жоспар әзірленді, бекітілді және орындалып жатыр.
2016 жылдың ақпан айында Қоғамдық кеңес құрылды. Жыл басынан бастап Кеңес 20 отырыс өткізіп, жергілікті атқарушы органдары 9 басшылары тыңдалды. Мемлекттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығын және әділеттігін қаматамасыз ету мақсатында, құрамына қоғамдық өкілдері кіретін бірқатар комиссия құрылған. Қаланың кеңестік-жиындық органдарындағы үлесі 50%-дан асады.
Полиция бөлімімен қаладағы қылмыстық жағдайының әділ статистикалық мәліметтеріне жету мақсатында, қылмыс туралы хабарламалар және өтініштерді тіркеу және есепке алудың кеңдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарылды.
2016 жылда 123 қылмыс тіркелген, 2015 жылда 120. Қылмысты ашлыуы деңгейі – 86,2% (2015 жылда - 85,7%).
Өткен жылда өткізілген есептік кездесулерде қала тұрғындары тарапынан түскен ұсыныстар қараусыз қалған жоқ. Мысалы, балалар ойын орталығын ашу мәселесі шешелді, қала ішіндегі безендіру жарықтандыру құрылғылары және Абай көшесіндегі алаңда фонтан орналастырылды.

2017 жылға арналған жоспарлар. Курчатов қаласы бойынша келесі жобалар әзірленді:
- Магистральді коллекторлы және су көтеретін станциясы бар су қақпасын қайта жөндеу, орындалу мерзімі 2016-2017 жылдар, құны -– 1806,450 млн. теңге. Мемелекеттік экспертизасының оң қортындысы берілді.
«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының аясында 2017 жылда аталған жобаны бюджеттік қаржыландыру үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-на және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрылысы жөніндегі комитетіне өтінім беру жұмыстары аяқталды
- Магистральді коллекторлы канализация жүйесін қайта жөндеу, орындалу мерзімі 2017-2018 жылдар, құны – 1460,157 млн.теңге. 2017 жылға «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша «Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы» ММ арқылы Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім берілді.
- Курчатов қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу, орындалу мерзімі 2017 жыл, құны - 1428,802 млн. теңге. Жобаны Моноқала бағдарламасы арқылы орындау жоспарлануда.
- ШҚО Курчатов қаласында кірмелі темір жолдарды салуымен жылу жүйелерін жөндеу қатты отынды пайдаланатын №1 қазандықтың құрылысы, орындалу мерзімі 2017-2019 жылдар, болжамды құны - 7 000,0 млн. теңге. Жоба мемлекеттік эспертизасының қарастырылуында.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2017 жылға келесі жлбалар жоспарланып отыр:  
1. «Курчатов қаласының №1 орта мектебі» КММ ғимаратының алдын және үй-жайларының ағымдағы жөндеуі.
2. «Курчатов қаласының №2 орта мектебі» КММ су құбырларын күрделі жөндеу, бөлмеаралық есіктерді ауыстыру, қабырғалар мен төбелерді түзету, спорт залын жөндеу.
3. «№3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты шатырының күрделі жөндеуі.  
4. «Журавушка» балабақшасы ғимаратының алдын ағымдағы жөндеу.
Әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасына тікелей козғалыс тигізді, соған қарамастан, білім беру және десаулық сақтау, бизнесті дамыту, қауіпсіздікті сақтау және құқық қорғау сияқты өмірлік маңызды салаларды дамыту біздің басты міндетіміз болып қала береді. Біздің алдағы жұмысымыз осы бағыттар бойынша жалғасады.

Назарларыңызға рахмет.

 

ШҚО Курчатов қаласы әкімінің есепті кездесулері барысында айтылған тұрғындар ұнысыстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы 2016 жылдың 1 сәуірі жағдайына тоқсандық ақпарат *. doc 378 kB
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі баяндамасының тезистері *. doc 141 kB
     
     
ШҚО Курчатов қаласы әкімінің есепті кездесулері барысында айтылған тұрғындар ұнысыстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы 2016 жылдың 1 сәуірі жағдайына тоқсандық ақпарат *. doc 32 kB
2016 жылғы 26 ақпан күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысының...  
2016 жылғы 19, 21, 22 қаңтарда Курчатов қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуін өткізу барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды орындау бойынша іс-шаралар *. doc 49 kB
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2016 жылғы 19, 21 және 22 қаңтарда есеп беру кездесулерін өткізу кестесі *. doc 29 kB
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің есебіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері *. doc 35 kB
Курчатов қаласының әкімі Н.Ж.Нұрғалиевтің 2015 жыл бойынша есепті баяндамасының тезистері *. doc 99 kB

 

Страница создана 30-12-2015 / Парақтар өзгертілді: 10-02-2017

 

 

 

 

 

Copyright © 2009-2017

071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Кеңсе бөлімінің телефоны: 8(72251) 2-29-39, 2-37-95
e-mail: akimatkurchatov@akimvko.gov.kz
Сайт әкімшісі: Кабиева Данара Маратовна
Сайт әкімшісінің телефоны: 8(72251) 7 90 29
e-mail: d.kabieva@akimvko.gov.kz