Мемлекеттік органдар

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының департаменті Курчатов қалалық бөлімшесі

Бастық - Гүлнар Жұмабекқызы Рахметова
Гүлнар Жұмабекқызы Рахметова 1963 жылы 24 қазанда Семей облысы, Бесқарағай ауданының Долон ауылында дүниеге келген. Отбасылық жағдайы - тұрмыс құрмаған, бір бала тәрбиелеуде. Білімі жоғарғы. 1992 жылы Семей техникалық институтының «Инженер – экономист» мамандығын тәмәмдады.

Еңбек жолы:
1985-1989 жж. Семей облыстық Сауданы есептеу орталығы, ЭЕМ маманы;
1992-1999 жж. Семей қаласының «Әлем банкінде» (Ішкі экономика банкі), ақшамен жұмыс жасау мәселесі жөніндегі экономист;
1999-2001 жж. «АШЕР» ЖШС, валюта айырбастау пунктінде меңгеруші;
2001-2009 жж. Курчатов қалалық МЗТО бөлімшесі, бас маман;
2009 жылдан бастап Курчатов қалалық МЗТО бастығылауазымына тағайындалды.

МЗТО Курчатов қалалық бөлемшесінің қызметтері:
1. Зейнетақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, жерлеуге арналған жәрдемақы, баланың тууына байланысты жәрдемақы, баланы бір жасқа толғанға дейін күту жөніндегі жәрдемақы (бұдан ары-зейнетақы мен жәрдемақы) сияқты төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақыларды (жүктілік пен босану бойынша, жұмысынан айрылған жағдайда, асыраушысынан айрылу бойынша) және басқа да әлеуметтік төлемдерді Қазақстан Республикасның Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтаға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлуді және жаппай саяси қуғынсүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді жүзеге асырады;
3. Зейнетақы және жәрдемақыны тағайындау олардың мөлшерін жоғарылату, төмендету және оларды бекіту үшін құжаттарды қабылдап ҚР ЕХӘҚМ бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Комитетінің аумақтық Департаментіне бекітуге жолдайды.
4. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындауға арналған алушылардың электрондық істер макетін құрастырады.
5. Зейнетақы төлеуге қажеттіліктерді құрастырады. Есептеулер жүргізеді және атқару парақтары бойынша зейнетақылық төлемдерден ұстап қалуларды аударады.
6. Қазақстан Республикасы шегінен шығатын алушыларға және ішкі көші- қон кезінде де зейнетақы мен жәрдемақы бойынша құжаттар ресімдейді.
7. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлуді банкілік операциялар түрлеріне сәйкес келетін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдардағы алушылардың банкілік шоттарына аудару арқылы жүргізеді.
8. Банкіден зейнетақы мен жәрдемақыны ала алмайтын мұқтаж алушыларға зейнетақы мен жәрдемақыны жеткізуді ұйымдастырады.
9. Қазақсан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ зейнетақылық қамтамысыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамтылуға құқылы тұлғаларға әлеуметтік жеке код тағайындайды.
10. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың бірдей орталықандырлған базасын қолдайды және жүргізеді.
11. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрмыстық жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ кіріс туралы декларация тапсыру үшін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері туралы анықтама береді.
12. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды қабылдайды, олардың жиынтығын тексеріп, ҚР ЕХӘҚМ бақылау және әлеметтік қорғау жөніндегі Комитеттінің аумақтық Департаментіне бекітуге жолдайды.
13. Заңды және жеке тұлғаларға Қазақсан Республикасы еңбек және халықты әлеметтік Қорғау Министрлігінің бекіткен негізінде кеңес береді.

Қабылдау уақыты: апта сайын, бейсенбі күндері сағат 9.00 ден 13.00-ге дейін
Мекен-жайы: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, екінші қабат (әкімдіктің қосымша ғимараты).
Телефон: 8-(72251)-7-99-91
Электрондық мекен-жайы: vko2@gcvp.kz

 

Сұрақ-Жауап  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының ресми Интернет-ресурсы  
5 Вопросов *. doc 59 KB
«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың айқын артықшылықтары *. doc 42 KB
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы *. doc 106 KB
     


Парақтар өзгертілді: 12-06-2018