Мемлекеттік органдар

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Курчатов қалалық әділет басқармасы» РММ

Курчатов қалалық әділет басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Әділет органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» Қазақстан Республикасының зандарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасы қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттерінің аудандық (қалалық) әділет басқармасы туралы Ережесі, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, ішкі тәртіп ережелерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

Басқарма басшы – Смағұлова Ботагөз Алтайбекқызы
Шығыс Қазақстан облысы, Қатон Қарағай ауданы, Үлкен Нарым ауылында 26 мамыр 1982 жылы туған. Америка-Қазақстандық еркін университеті, «заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:
10.2003-10.2004 жж. Шығыс Қазақстан облыстық МЗТО филиалында талдау және жиынтықтау бөлімінде маманы.
07.2005-01.2010 жж. ШҚО ӘД Курчатов қ. әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу қызметінің жетекші маман.
01.2010-02.2012 жж. Курчатов қаласы әділет басқармасының АХАЖ қызметінің бас маманы.
02.2012 жылдан осы уақытқа дейін Курчатов қалалық әділет басқармасының басшысы.

Лауазымдық міндеттері:

Әділет басқармасының функциясы:
1) мемлекеттік тіркеу саласында:
заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
құқықтық кадастрды жүргізу;
жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
2) заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында:
қалалық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың заңгерлік қызметтерімен өзара байланысты жүргізу;
қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге қатысуды, құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру;
терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;
3) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:
Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауардың шыққан орнының атауын немесе фирмалық атауын қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға тексерулерді жүзеге асыру;
4) әкімшілік іс жүргізу саласында:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.

Мекен-жайы: Абай көшесі, 12
Телефондары: 8 (72251) 3-48-87, 8 (72251) 3-29-77
Электрондық мекен жайы:b.zhakayeva@adilet.gov.kz
Азаматтарды қабылдау кестесі: Жеке және заңды тұлғалар: күнделікті күндері сағ. 09.00 дан 18.30 дейін.

Салменову Багыжан Сериккалиевну Әдеп жөніндегі уәкіл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 2-тармағына, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының 2019 жылғы 22 қаңтардағы №57н бұйрығына сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыру бойынша міндеттер уақытша Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Салменова Багыжан Сериккалиевнаға жүктелді.

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерін және мемлекеттік қызметшілерді қабылдау арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады.

Басқа қаладан келген азаматтар күн сайын қабылданады.

Байланыс ақпараты: ШҚО, Өскемен қ., Ворошилова к., 6,
тел. 8/7232/ 70-40-28

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті
Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылдың 1 тоқсанына арналған
жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі

Әдеп жөніндегі уәкілдің
ТАӘ
Лауазымы Байланыс телефоны Азаматтарды қабылдау күндері Мемлекеттік қызметшілерді қабылдау күндері
Салменова
Багыжан Сериккалиевна
ШҚО Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің басшысы 8/7232/
70-40-28
30 қаңтар
27 ақпан
27 наурыз
күнделікті
16.00-18.00

Басқа мекен-жайдан келген жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдері күнделікті қабылданады

 

 

Парақтар өзгертілді: 01-02-2019