Мемлекеттік органдар

Төтенше жағдайлар бөлімі

Курчатов қаласы төтенше жағдайлар бөлімі (бұдан әрі ТЖБ) ШҚО төтенше жағдайлар Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Курчатов қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің құрылымына Курчатов қаласын өрттен қорғайтын 14-ӨСБ мен ҚР ҰЯО РМК объектілерін өрттен қорғау бойынша 16-ӨСБ енеді.

Күзембаев Мұхтар Мейрамұлы Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Күзембаев Мұхтар Мейрамұлы, 1981 жылы 9 қазанда туған; ұлты – қазақ. Үйленген. Білімі: жоғарғы, 2011 жылы ҚР ТЖМ КТИ бітірді. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінде 2005 жылдан бері. Қызметін Көкпекті ауылының № 58 өрт сөндіру бөлімінің әкімшілік жұмыс тобының инспекторы лауазымынан бастады, сондай-ақ 2009 жылдан 2010 жыл аралығында 45-ӨСБ-де қарауыл бастығы лауазымында да  қызмет атқарды. Соңғы жұмыс орны Шүлбі елді-мекенінің № 47 бөлімі. Қазіргі уақытта Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.

Қызметтік міндеттері
1. Курчатов қалалық ТЖБ бастығы мынадай лауазымдық міндеттер жүктеледі:
- табиғи және техногедік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік жүесінің қызмет етуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
- құрымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылық ету:
- меншік нысаны және ведомстволық бағыныс тиесілігіне қарамастан ұйымдардың барлықөндірістік нысандарында төтенші жағдайларды алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;
- проблемаларды, оларды туындау себептерін анықтау;
- анықталған проблкмаларды жою және олардың шығу себептері бойынша шараларды әзірлеу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу;
- ШҚО ТЖБ жедел хабарлауды жүзеге асыру үшін материалдарды дайындау.
2. Қызметтің тиісті бағыттары бойынша, оның ішінде  Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және ведомстволармен, сондай-ақ шет шет елдер мен халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайларды алдын алу және жою органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
3. ШҚО ТЖД барлық бөлімшелерімен, сондай-ақ шет шет елдер мен халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайларды алдын алу және жою органдарымен іс-әрекетің келісілушілігін, реттеушілігін және толассыздығын ұйымдастыру;
4. Аумақтық органдары мен ведомстсолық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ шет шет елдер мен халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайларды алдын алу және жою органдар арасында ақпараттық алмасуды ұйымдастыру 
5. Министрлікте қолданылатын ақпараттық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру;
6. ШҚО ТЖД басқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен және ведомстволармен қарым-қатынаста мүддесін білдіру;
7. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жобасын және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және келісу;
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволарын жедел хабарлауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
9. Қабылданатын нормативті құқықтық актілерді және Министрліктің нұсқауын, сондай-ақ өзге де басқармалық шешімдерді орындауды ұйымдастыру:
-  нормативтік құқықтық актілерді , басшылықтың нұсқаулардың және өзге де басқармалық шешімдерді орындау барысында мониторингті жузеге асыру, сондай-ақ Министрліктің қызметтік стратегиясын іске асыру;
- қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін, Министрлік басшылығының нұсқауларын іске асыру нәтижелері бойынша есептік материалдар мен ұсыныстарды дайындау.
10. Жаңа технологияларды, басқарудың прогрессивті нысандарын, еңбекті бағалаудың ғылыми негізделген өлшемдерін кең қолдану негізінде жұмыс қызметтерін жүзеге асыру;
- басқарудың әкімшілік әдістерінің үйлесу, қызметкерлерді материалдық және моралдық ынталандыру мәселерін талқылауда дара басшылығы және алқалығы, тапсырылған учаске үшін әр қызметкердің жеке мүдделілігі және жауапкершілігі қағидаттарын қолдану және барлық ұжымының жұмыс нәтижелері;
- кадрлық, техникалық және әкімшілік ресурстарды қолданудың тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру  мақсатында мониторингті жүзеге асыру және технологияларды, прогресивті басқару нысандары үйрену.
11. Қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялық режимді және жұмылдыру дайындығының заңдылықтарын сақтауға бақылау:
- қызметтік, әскери және еңбек тәртібінің заңдылығын сақтау жөнінде алдын алу шараларын қабылдау, ұжымда қызметтік-әскери қарым-қатынасты, сондай-ақ жұмылдыру дайындығының талаптарын реттеу;
- құжаттармен және жұмылдыру дайындығымен жұмыс істеген кезде қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялық режимін бұзу фактілері мониторингін ұйымдастыру;
- заңдылықта бұзуға, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялық режимін және жұмылдыру дайындығын бұзуға ықпал ететін факторларды анықтау;
- заңдылықта бұзуға, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялық режимін және жұмылдыру дайындығын бұзуға ықпал  ететін анықталған себептерді жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
12. Бірыңғай кадрлық саясатты іске асыруға ықпал ету:
- Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және ведомстволық бағынысты ұйымдарды білікті мамандарымен қамтамасыз ету, олардың білімдерін және дағдыларын оңтайлы пайдалану, жұмыс сипатына тән жағымды еңбек жағдайларын құру бойынша шараларды қабылдау;
- бөлім қызметкерлерінің құрылымдық механезімі себебін, аттестация және баға өлшемі қызметінің іс шараларын іске асыру.
- тәлімгерлік институтын, сондай-ақ тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда Министірлік құрылымдарының озық тәжирибиесін енгізу бойынша шаралар қабылдау.

ТЖБ құзырына мынадай құжаттарды қарастыру енеді:
Объектілер салу үшін жер телімдерін кесіп беру;
Жобалық құжаттаманы қарастыру;
Объектілерді пайдалануға қабылдау; 
өрт сөндіру автоматикасы қондырғыларын пайдалануға қабылдау;
лицензиялауға қортындылар беру үшін объектілерге тексеру жүргізу.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың арыздарын қарастыру тәртібі туралы» Жарлығының 6 бабына сәйкес, өтініштерді қарастырудың бекітілген мерзімі – 30 күннен аспайды. 
Өтініштер, қай тұлғаның атынан жазылса, сол заңды тұлғалардан немесе жеке тұлғаларының өзінен ғана қабылданады. Өтініш егерде келесі бір тұлғамен берілсе, міндетті түрде осы істі жасауға құқығы барлығына нотариалды түрде бекітілген сенімхатының көшірмесі бірге ұсынылады.

Өрт бақылауы саласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің құзыры: 
1) өрт қауіпсіздігі саласы бойынша бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген құзырлар шегінде әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы өндірістерді жүзеге асырады; 
3) жұмылдыру дайындығы және өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру, бейбітшілік және әскери уақыттарда төтенше жағдайлар шыққан кезде олардың жұмыстарын нығайтуды жоғарылату, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар құрастырады;
4) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің олардың ведомстволық қарастылығына қарамастан өртпен күреске дайындығына бақылау жасайды. 
5) тұрғын аумақтар мен мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерін өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Өкілдігін, қызметтерін және функцияларын анықтайтын заңдар мен нормативтік актілердің тізімі:  Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы", "Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы", "Азаматтық қорғаныс туралы", "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қызметтік құпия туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", Қазақстан  Республикасы Заңдарын;
Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу, еңбек коджекстерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін, төтенше  жағдайлардың алдын алу жою,азаматтық қорғаныс және жұмылджыру дайындығы, төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті, мемлекеттік материалдықрезервтерді бақылау, өртке қарсы және әскери қызмет аясындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, төтенше жағдайлардың жою саласында Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған халық аралық шарттарды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс  Кодексн басшылыққа алады.

Мекен-жайы: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі  2/01
Электронды мекен-жайы: ochs_kurchatov@vkogps.kz
Байланыс телефоны:  8 (72251) 3-32-39, 8 (72251) 3-35-00
Азаматтарды қабылдау: Әр айдың 1ші  және 3ші сейсенбі күндері сағат 15.00 – 18.00 дейін

 

Парақтар өзгертілді: 30-10-2019