Мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Курчатов қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Шыныбаев Қайрат Нилдариянұлы Басқарма басшысы – Шыныбаев Қайрат Нилдариянұлы
Кайрат Нилдариянович Шыныбаев 1968 жылы 14 желтоқсанда Семей облысы, Ақтау ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап 1992 жыл аралығында Семей қаржы-экономикалық техникумында «Қаржы» мамандығы бойынша білім алды. 1998 жылдан бастап 2003 жыл аралығында Семей қ. КАЗГЮА университетнде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. 2011 жылдан бастап Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Экономика» мағандығы бойынша білім алды. 1986 жылдың қазанынан бастап 1987 жылдың маусымы аралығында тракторшылар курсында білім алды, 1987 жылдың маусымынан бастап 1989 жылдың шілдесі аралығында Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды, 1992 жылдың маусымынан 2013 жылдың шілдесі аралығында ШҚО бойынша СД № 7 аудит бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында Ұлан ауданы бойынша СБ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2014 жылдың 14 қарашасынан бастап Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып табылады.

Заңды мекен-жайы: 071100 ШҚО Курчатов қ. Құнанбай көшесі 9
Электрондық мекен-жайы: kurchatov@taxeast.nalog.kz
Қабылдау күндері: күнделікті сағ. 09.00 бастап 18.30 ға дейін.
Тел/факс: 8 (72251) 3-33-07, 8 (72251) 3-35-07

«Курчатов каласы бойынша салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының есептелуін, ұсталуын және аударылуын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың есептелуін және төленуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндетемелерін орындауына салық бақылау ын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшеcі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары мен құқықтары

Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде Басқарма:

Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.



Парақтар өзгертілді: 12-06-2018