Мемлекеттік органдар

Қалалық аурухана

Садыбекова Даурия Сейсеновна Бас дәрігер - Садыбекова Дәурия Сейсеновна
.
Бас дәрігердің міндеттері:

Бас дәрігер ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының алдында оған бағынатын емдеу мекемесінің ұйымдасуы мен денсаулық сақтау деңгейіне, халыққа медициналық көмек көрсету сапасына тікелей жауап береді.
Емдеу – алдын алу мекемесін жалпы басқаруды жүзеге асырады, өзінің алдын-алу, мекеменің емдеу-диагностикалық, әкімшілік-шаруашылық және қаржы қызметіне жауап береді.
Материалдық-техникалық базасының дамуына, құрылыс және жөндеу жұмыстарына, мамандарды тиімді пайдалануға, медициналық техникаларға, дәрі-дәрмек құралдарына, бюджеттік және басқа да бөлінген қаржыға жауап береді.
Бас дәрігер дара басшылық принципімен жұмыс істеді және өз бетімен емдеу-алдын алу мекемесі қызметінің оның құзыретіне сәйкес барлық мәселелерін шешеді. Өз атынан жұмыс істеп, барлық органдарға өз көзқарасын ұсынады, емдеу-алдын алу мекемесінің мүліктерін басқарады, келісім-шарттар жасап, банк есепшоттарын ашады, келісімдер жасап, бұйрықтар шығарады және медициналық мекеменің барлық жұмысшыларына міндетті нұсқаулар береді.
Бас дәрігер бөлімшелерді тексеру жолымен емдеу-алдын алу мекемесінің қызметін жүйелі түрде талдап, бақылау жүргізеді, өз орынбасарларының жауабын тыңдайды.
Белгіленген статистикалық және басқа да есептіліктердің уақытылы ұсынылуына бақылау жасап, олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органның сипаттауы:
Кәсіпорын қызметінің мақсаты денсаулық сақтау саласында өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні лицензия негізінде медициналық қызмет көрсету болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатына сәйкес мындай қызметтерді жүзеге асырады:
1.ШҚО Курчатов қаласы тұрғындарын ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз етеді;
2.ШҚО Курчатов қаласы тұрғындарына Мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбе мен бағалар бойынша ақылы медициналық қызмет көрсетеді;
Жұқпалы аурушаңдықтын алдын алуға, төмендетуге және жоюға, сонымен қатар жалпы аурушаңдықты төмендетуге, уақытша жұмыс істеу қабілетін айырылган аурушаңдықты, мүгедекті, ана, бала өлімін және жалпы өлімді төмендетуге бағытталған іс- шаралары ұйымдастырылады; Денсаулық сақтау қызметтерімен және ұйымдармен, атқарушы, өкілетті билік органдарымен аудландық деңгейге және жоғары тұрған органдармен Кәсіпорын құзыретіне мәселелер бойынша өзара әрекеттестікте болады.

Байланыс телефоны: 8 (72251) 3-40-18, 8 (72251) 3-35-46
Сенім телефоны: 8(72251) 3-48-12
Заңды мекен-жайы: 071100, ШҚО, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі, 9 үй
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау: апта сайын әр бейсенбі сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Электронды мекен-жайыKor_med@mail.ru

Парақтар өзгертілді: 24-10-2018