Мемлекеттік органдар

Мәслихат

Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы – Гүлмира Қанағатқызы Қарымбаева

1958 жылдың 1 желтоқсанында  ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында  дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы Өскемен педагогикалық институтының филологиялық факультетін қазақ сыныптарында орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді, қосымша мамандығы тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда сайлау кампаниясына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен, ШҚО білім басқармасының құрметті грамоталарымен, Курчатов қаласы әкімінің «Грамотасымен», «Нұр Отан» ХДП Бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.

Еңбек қызметі:
08.1981–04.2008 - Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында Абай атындағы орта мектепте және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында  М.Ауэзов атындағы орта мектепте орыс тілі және  әдебиеті мұғалімі;
09.2008–08.2009 - Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Курчатов қаласының «Мектеп-гимназия» директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары;
09.2009-01.2012 - Курчатов қаласының  қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін  №1 жалпы білім беретін орта мектебінің  директоры;
01.2012-03. 2016 – Бесінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаты, Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы.
03. 2016 - осы уақытқа дейін – Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаты, Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы.

Лауазымдық міндеттері:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, қала әкімдігі мен қала әкімімен бірге өз өкілеттігі шегінде аумақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының қамтамасыз етілуіне, азаматтар құқықтарының, олардың заңды мүдделерінің қорғалуына жауап береді. Тұрақты комиссиялармен бірге қалалық мәслихат регламентін әзірлейді, және оны сессияның қарауына ұсынады, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді. Сессия төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайларын жасайды. Депутаттарға, қала әкіміне және халыққа мәслихат сессиясының өтетін күні және орны, күн тәртібінің жобасы туралы хабарлайды. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді ұйымдастырады, хаттаманы құрастыруға және сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдеріне, сессия хаттамаларына, мәслихат сессияларында қабылданған және бекітілген өзге де құжаттарға қол қояды. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірге мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылайды. Депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруларына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысулары үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтар мен бірлестіктердің қызметін ұйымдастырады. Қалалық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарынан уақытында өтулерін бақылайды. Сессия төрағасымен бірге мәслихаттың сессияларына және тұрақты комиссиялар отырыстарына шақырылатын мамандар, лауазымды тұлғалар, кәсіпорындар мен ұйым басшыларының тізбесін белгілейді. Мәслихат атынан халықпен, меншік нысандарына қарамастан еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдармен байланыста болады. Мәслихатқа үнемі сайлаушылар өтініштері жайында, олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынады. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен мәслихаттың маңызды шешімдері жобаларын талқылайды. Аппаратта азаматтарды қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды ұйымдастырады. Аппарат қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық міндеттерінің орындалуын бақылайды. Өз құзыреті шегінде өкім шығарады. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік тілді оқып үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауларды және депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселелерді ұйымдастыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша сайлаушылардың жиналуын ұйымдастыруды қарастырады. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады. Қалалық мәслихат сессиясында депутаттардың және мәслихат аппаратының қызметі туралы жыл сайын есеп береді. Мәслихат атынан сот шағымдарына қол қояды. Мәслихат шешімдері бойынша басқа да қызметтерді орындайды.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Қабылдау уақыты: апта сайын сәрсенбі күні сағат 15.00 ден 18.00 дейін
Электрондық мекен-жайы: maslihat.kurchatov@akimvko.gov.kz
Тел/факс: 8 (72251) 3-31-80

 

Парақтар өзгертілді: 10-10-2017