Мемлекеттік органдар

Мәслихат

Тұрақты комиссия отырысы

2017 жылдың 30 қарашасында депутат Иманмәдиев Е.М. төрағалық етуімен заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Қарымбаева Г.Қ. қатысты.
Отырыс жұмысында комиссия мүшелері, депутаттардың Жақсыбаев Т.Т., Қайрат М. 2017 жылы атқарылған жұмысының есетері тыңдалды. Сонымен қатар, тұрақты комиссияның 2018 жылға аналған жұмыс жоспары талқыланды. Барлық қаралған сұрақтар бойынша қаулы қабылданды.

Мәслихаттың он жетінші сессиясы

2017 жылдың 30 қарашасында әкімшіліктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының он жетінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына әкім орынбасары Глазинский А.Ю., әкім орынбасары Абдрахманов Р.М., әкім аппаратының басшысы Қошқарбаев Н.Т., мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шыныбаев Қ.Н., экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аралов А.Б., ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тоқпақов А.К., ЖК «Серік Тынысбек» басшысы Серік Тынысбек қатысты.
Сессияның күн тәртібі:
1. «Курчатов қаласының 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 9/52-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Араловтың ақпараты.
2. Әр түрлі:
1) «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы Н.Т. Қошқарбаевтың ақпараты;
2) Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы;
ТКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. К. Тоқпақовтың ақпараты;
3) Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
ТКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. К. Тоқпақовтың ақпараты;
4) «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының терроризмге қарсы комиссия құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 16/108-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Қалалық бюджеттік комиссия құру туралы.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы 2017 жылдың 30 қарашасына сағ. 10.00-ге ауыстырылды. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, қалалық кәсіпорындар және ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы 2017 жылғы 28 қарашада сағ. 10.00-де Тәуелсіздік көшесі 4, мекен-жайында қалалық мәслихатта өтеді.

Сессияға ұсынылған күн тәртібі:
1. «Курчатов қаласының 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 9/52-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әр түрлі.

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

Тұрақты комиссия отырысы

2017 жылдың 24 қазанында Э.Г. Батырбековтың төрағалық етуімен бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Комиссия отырысына: Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ. Қарымбаева, қала әкімінің орынбасары А.Ю. Глазинский, ТКШ, кісі тасу көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.К.Тоқпақов, МКК «Балапан» сауықтыру басшысы С.М. Рыспеков қатысты.
Комиссия отырысында «Балапан» МКК сауықтырудан шығару бойынша және оның алдағы уақыттағы даму жоспары жөніндегі іс-шаралар туралы» ақпарат тыңдалды. ТКШ, кісі тасу көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.К.Тоқпақов ақпаратпен сөз сөйледі. Депутаттардың барлық сұрақтарына толымды жауап алынды. «Балапан» МКК сауықтырудан шығару бойынша және оның алдағы уақыттағы даму жоспары жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулы бірауыздан қабылданды.

Кезектен тыс он алтыншы сессия

Кезектен тыс он алтыншы сессия2017 жылдың 16 қазанында алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы болып өтті.
Сессияға Курчатов қаласының әкімі А.А. Оңдақанов, қала әкімінің орынбасарлары А.Ю.Глазинский, Р.М.Абдрахманов, әкім аппаратының басшысы Н.Т.Қошқарбаев, экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Аралов, Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Н. Шыныбаев қатысты.
Сессияда қаралған сұрақтар:
1. «Курчатов қаласының 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 9/52-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әртүрлі
Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Аралов сөз сөйледі. Депутаттардың сұрақтарына толымды жауап алынды.
Барлық сұрақтар бойынша шешімдер бір ауыздан қабылданды.

 

 

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2017 жылдың 16 қазанында сағ. 12.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қалалық мәслихаты, Тәуелсіздік көшесі 4, 2- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. «Курчатов қаласының 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 9/52-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әртүрлі

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

Мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы болып өтті

Мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы болып өтті 2017 жылдың 12 қыркүйегінде әкімшіліктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, жауапты қызметкерлер қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының орындалу барысы туралы.
2. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
3. «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6/35-VI шешімінің орындалу барысы туралы.
4. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Батырбеков Э.Г.).
5. Әртүрлі.
Барлық қаралған мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды.

Курчатов қалалық мәслихаты

 

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы 2017 жылдың 12 қыркүйегіне сағ. 10.00-ге ауыстырылды. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының орындалу барысы туралы.
2. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
3. «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6/35-VI шешімінің орындалу барысы туралы.
4. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Батырбеков Э.Г.).
5. Әртүрлі

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы

 

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті2017 жылдың 16 маусымында депутат Е.М. Иманмәдиевтің төрағалық етуімен мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысының жұмысына қала әкімінің орынбасары А.Ю. Глазинский, ҚР ҰЯО жас ғалымдар кеңесінің төрағасы А. Минязов, «Нұр Отан» партиясы Курчатов қалалық бөлімшесінің кеңесшісі А. Ерсайынов, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы П.М. Тұрғамбаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Б. Баймұхаметова, жастар ресурстық орталығының маманы О. Котова қатысты.
Комиссия отырысында Курчатов қаласы жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы ақпарат тыңдалды. Ақпаратпен ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Г. Котова сөз сөйледі.
Отырыста жастар қажеттілігіне және мәселелеріне, бос уақытты ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінді. Әлеуметтік мәселелер блогі айрықша назарға алынды, олар: жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамту. Талқылау барысында жастармен жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясы 2017 жылдың 5 мамырында сағ. 15.00-де Тәуелсіздік көшесі 4, (1-қабатта) мекен-жайы бойынша қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдау туралы.

 

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізілдіӘлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша А. Н. Борисенконың төрағалығымен, 2017 жылдың 29 маусымында мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Р. М. Абдрахманов, ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы А. Ж. Қойбағысов және Курчатов қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Е. Г. Гольцева қатысты.
Комиссия отырысында «ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының қызметі туралы» сұрақ қаралды. Осы сұрақпен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитетінің Курчатов қалалық аумақтық инспекциясның бас маманы О. Шмидтгаль сөз сөйледі.
О. Шмидтгаль өз сөзінде инспекцияның негізгі жұмысы, ол Курчатов қаласында мемлекеттік фитосанитарлық бақылау жүргізетінін атап кетті.
Талқылау қортындысы бойынша, қала депутаттары, Курчатов қалалық аумақтық инспекция басшысы Е. Асангалиевқа, Курчатов қаласының бау-бақша алабындағы колорадо қоңызын келешекте жою мен фитосанитарлық мониторинг жүргізу бойынша шаралар қабылдауын, және де тұрғындарға үйрету үшін ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының алдын алу мен зиянкестерді анықтау бойынша қаланың бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратттар жариялануын ұсынды.

2017 жылдың 31 наурызында заңдылық, құқық тәртібі...

2017 жылдың 31 наурызында заңдылық, құқық тәртібі...2017 жылдың 31 наурызында заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ. Қарымбаева, ЖК "Қизат-Серік" басшысының орынбасары Әбдікәрімов А., "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашлық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жетекші маманы Үсембаев А. қатысты.
ЖК "Қизат-Серік" басшысының халыққа қызмет көрсету есебі қаралды. Мәслихатқа Олимпийский 28, 29, Абай 47 көшесінің тұрғындары шатырдан су ағуына байланысты өтініш арыздарын білдірген еді. Қазіргі таңда ЖК "Қизат-Серік" 50 тұрғын үйге қызмет көрсетеді. Барлық шақыртулар бойынша мамандар уақытында келеді. Дегенмен, абоненттердің 16 миллион теңге қарызы бар.
А. Әбдікәрімов кәсіпорынның әлеуметтік желілерде парақшасы бар екенін, ол жерден сервистік қызметпен кез-келген таныса алатындығын және ақаулар жайында Whats App-қа өтініштерін бере алатындығын айтты.


Курчатов қалалық мәслихаты

 

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2017 жылдың 29 наурызында сағ. 10.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласының мәслихаты, Тәуелсіздік көшесі 4, 2- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. «Курчатов қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының төрағасы туралы

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы 2017 жылдың 17 наурызына сағ. 11.00-ге ауыстырылады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2016 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы.
2. Қалада ТКШ - ты дамытудың жағдайы және болашағы туралы.
3. Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Е.М. Иманмәдиев).
4. Әртүрлі.

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2017 жылдың 9 наурызында сағ. 12.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қалалық мәслихаты, Тәуелсіздік көшесі 4, 2- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Қала әкімін қызметке тағайындауға келісім беру.
2. Мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының төрағасы туралы .

 

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2017 жылдың 15 наурызында сағ. 11.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2016 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы.
2. Қалада ТКШ - ты дамытудың жағдайы және болашағы туралы.
3. Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Е.М. Иманмәдиев).
4. Әртүрлі.

Информационно-разъяснительная встреча в воисковой части 3514

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

 

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

Заседание постоянной комиссии городского маслихата

2016 жылғы 08 шілдеде қалалық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Е.В. Старенкова, қаланың Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары С.А. Смағұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ә.М. Сұлтанова, «Нұр Отан» партиясы» Курчатов бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Е.Л. Гулькова, ТКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы А.Е. Үсенбаев, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы П.К. Карипова, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы П.М. Тұрғамбаева, қалалық мәслихат депутаттары Э.Ғ. Батырбеков, С.А. Березин қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы» ақпаратпен «Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» МҚМ -нің директоры С.Ш. Әзімханов сөз сөйледі.

«Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты – халықты оқыту және жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес ашуға және дамытуға көмектесу, еліміздегі еңбек ресурстарын тиімді бөлу, Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамтуды қолдау, жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау. Қатысушылар: жұмыссыз және өз істерімен айналысатын жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес субъектілері, бизнес ашатын және бар бизнестерін кеңейтуге талап білдірген кәсіпкерлер. Бұдан әрі С.Ш. Әзімханов бағдарламаның 2014-2015 жылдардағы іске асырылуы жөніндегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті. Барлық сұрақтарға депутаттар толық жауап берді. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы» мәселе бойынша қаулы бірауыздан қабылданды.

 

Заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Комиссия төрағасы: Иманмәдиев Ержан Мүбәрәкұлы, «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК заң және кадр жұмыстары басқармасының бастығы, № 10 сайлау округінің депутаты.

Комиссия мүшелері:

Қайрат Маман, Қалалық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, № 6 сайлау окурігінің депутаты;

Жақсыбаев Талғат Тұрсынбекұлы, «Дегелен» станциясының бастығы, № 7 сайлау округінің депутаты.

Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия

Комиссия төрағасы: Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы, «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры, № 4 сайлау округінің депутаты.

Комиссия мүшелері:

Дёмышев Владимир Алексеевич, «Азот» өндірістік кооперативінің төрағасы, №3 сайлау округінің депутаты;

Березин Сергей Анатольевич, «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директорының орынбасары, № 9 сайлау округінің депутаты.

Әлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия

Комиссия төрағасы: Борисенко Александр Николаевич, «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, № 2 сайлау округінің депутаты.

Комиссия мүшелері:

Остапенко Светлана Геннадьевна, Қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, № 5 сайлау округінің депутаты;

Тілеуғабылова Қарлығаш Қамзақызы, Курчатов қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, № 8 сайлау округінің депутаты;

Халилов Рашит Усманович, «Курчатов Водоканал» МКК директорының міндетін атқарушы, № 11 сайлау округінің депутаты.



Парақтар өзгертілді: 04-12-2017