Мемлекеттік органдар

Мәслихат

Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2017 жылдың 15 наурызында сағ. 11.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2016 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы.
2. Қалада ТКШ - ты дамытудың жағдайы және болашағы туралы.
3. Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Е.М. Иманмәдиев).
4. Әртүрлі.

Информационно-разъяснительная встреча в воисковой части 3514

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы

 

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

Заседание постоянной комиссии городского маслихата

2016 жылғы 08 шілдеде қалалық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Е.В. Старенкова, қаланың Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары С.А. Смағұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ә.М. Сұлтанова, «Нұр Отан» партиясы» Курчатов бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Е.Л. Гулькова, ТКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы А.Е. Үсенбаев, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы П.К. Карипова, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы П.М. Тұрғамбаева, қалалық мәслихат депутаттары Э.Ғ. Батырбеков, С.А. Березин қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы» ақпаратпен «Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» МҚМ -нің директоры С.Ш. Әзімханов сөз сөйледі.

«Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты – халықты оқыту және жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес ашуға және дамытуға көмектесу, еліміздегі еңбек ресурстарын тиімді бөлу, Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамтуды қолдау, жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау. Қатысушылар: жұмыссыз және өз істерімен айналысатын жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес субъектілері, бизнес ашатын және бар бизнестерін кеңейтуге талап білдірген кәсіпкерлер. Бұдан әрі С.Ш. Әзімханов бағдарламаның 2014-2015 жылдардағы іске асырылуы жөніндегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті. Барлық сұрақтарға депутаттар толық жауап берді. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы» мәселе бойынша қаулы бірауыздан қабылданды.

 

Заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Комиссия төрағасы: Иманмәдиев Ержан Мүбәрәкұлы, «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК заң және кадр жұмыстары басқармасының бастығы, № 10 сайлау округінің депутаты.

Комиссия мүшелері:

Қайрат Маман, Қалалық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, № 6 сайлау окурігінің депутаты;

Жақсыбаев Талғат Тұрсынбекұлы, «Дегелен» станциясының бастығы, № 7 сайлау округінің депутаты.

Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия

Комиссия төрағасы: Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы, «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры, № 4 сайлау округінің депутаты.

Комиссия мүшелері:

Дёмышев Владимир Алексеевич, «Азот» өндірістік кооперативінің төрағасы, №3 сайлау округінің депутаты;

Березин Сергей Анатольевич, «Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директорының орынбасары, № 9 сайлау округінің депутаты.

Әлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия

Комиссия төрағасы: Борисенко Александр Николаевич, «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, № 2 сайлау округінің депутаты.

Комиссия мүшелері:

Остапенко Светлана Геннадьевна, Қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, № 5 сайлау округінің депутаты;

Тілеуғабылова Қарлығаш Қамзақызы, Курчатов қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, № 8 сайлау округінің депутаты;

Халилов Рашит Усманович, «Курчатов Водоканал» МКК директорының міндетін атқарушы, № 11 сайлау округінің депутаты.



Парақтар өзгертілді: 06-02-2019

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ

1 2