Мемлекеттік органдар

Мәслихат

"Б" корпусының мемлекеттік бос әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ, 071100, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 4, тел/факс 8 (72251) 3-31-80, 3-40-66,   электрондық поштасының мекен-жайы maslihatkur@mail.ru. Аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында  "Б" корпусының мемлекеттік бос әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс жариялайды:

«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Е-3 категориясы.

Қызметтік міндеттері: ұйымдастыру бөлімінің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асыру, мәслихат аппараты қызметкерлерінің еңбек және атқарушы тәртібін бақылауды қамтамасыз етуге, қалалық мәслихаттың сессияларын, қалалық мәслихаттың тұрақты, уақытша комиссиялары отырыстарына дайындалу және өткізу бойынша ұйымдастыру – техникалық іс – шараларды бақылауды жүзеге асыру, қалалық мәслихат аппаратында кадр саясатын жүргізуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мәселелері бойынша қалалық мәслихат аппаратының құқықтық жаппай оқуының жүргізілуіне бақылау жасауға, қалалық мәслихат жұмысының жылдық жоспарының жобасын әзірлеуге және оның орындалуына бақылау жасайды, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметте өтуімен байланысты қалалық мәслихат хатшысының өкімдерін, мәслихаттың негізгі қызметіне қатысты өкімдерді рәсімдейді, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізеді,  мемлекеттік қызметтің облыстық басқармасына есептер мен ақпарат ұсынады, аппарат жұмысшыларының жеке істерін, аппарат жұмысшыларының жеке іс парағын, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік тізімін жүргізеді, мемлекеттік қызметкерлердің әрекетін бағалайтын комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді,  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді жүргізеді, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс шараларды жүзеге асырады,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес қалалық сайлау комиссияларының құрамын сайлау бойынша кешенді іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 102466 теңгеден 138214 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары білім .
Келесі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табыса алуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы керек:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
3 жұмыс күні, ішкі конкурс болатындығы туралы соңғы хабарландыру жарияланған келесі жұмыс күнінен басталып саналады. 
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 2-қосымша сына сәйкес нысандағы өтініш,
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді өткізудің мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оларға ескертілген  үш жұмыс күні ішінде «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ, Тәуелсіздік көшесі, 4 әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылардың қатысуы бойынша ақпарат:
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Конкурстық комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, тәртіпке сәйкес аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым беру туралы ақпарат: Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сот тәртібімен шағымдана алады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 12-04-2018