Мемлекеттік органдар

Әкім

Өмірбаян  
Баяндамалар мен сөз сөйлеулер  
Әкімнің виртуалды қабылдау бөлмесі  
Әкімнің қабылдауына оnline жазылу  

Курчатов қаласының әкімі - Алексей Юрьевич Глазинский, 1975 жылы 22 наурызда Семей облысы, Бесқарағай ауданы Большой Bладимировка селосында дүниеге келген. 1998 жылы «Семей» мемлекеттік университетін аяқтады.

Еңбек жолы:

08.1993-06.1998 ж.ж. Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей;
08.1998-08.2001 ж.ж. ШҚО, Бесқарағай ауданы, Үлкен-Владимировка селосындағы орта мектепте орыс тілі және әдебиеті мұғалімі;
08.2001-02.2006 ж.ж. ШҚО, Бесқарағай ауданы Сосновка орта мектебінің директоры;
04.2006-07.2006 ж.ж. ШҚО, Курчатов қаласы «Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманның міндетін атқарушы;
07.2006-05.2009 ж..ж. ШҚО, Курчатов қаласы «Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
05.2009-07.2013 ж.ж. ШҚО, Курчатов қаласы. Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы;
07.2013-05.2015 ж.ж. ШҚО, Курчатов қаласы. «Аквасектор» ЖШС директоры;
06.2015-08.2015 ж.ж. ШҚО, Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Курчатов қалалық филиалының бірінші төрағасының орынбасары;
11.2015-01.2016 ж.ж. Семей қаласы «Семей ет комбинаты» ЖШС коммерциялық бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушысы;
05.2015-05.2016 ж.ж. Семей қаласы «Етproduct» ЖШС директоры;
11.2016-04.2019 ж.ж. Курчатов қаласы әкімінің орынбасары;
29.04.2019- қазіргі уақытқа дейін – Курчатов қаласының әкімі.

Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің нормативті актілерін, реформалауды, облыс экономикасын, ішкі қауіпсіздікті, қоғамдық-саяси тұрақтылығын, құқықтық тәртібін бекітуді, қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастыру және дамыту, қаланың бюджетін қайта өңдеуін және оның орындалуын бақылауын, басқарманың жүйелі құрылуын, кадрлық саясатты орындау бойынша стратегиалық және ағымдағы міндеттерді шешу.
Облыс әкімі аппаратымен, мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен қарым-қатынаста қаланың мүддесін білдіреді.
Шығыс Қазақстан облысы әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстарды енгізеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын енгізеді.
Мынандай лауазымды тұлғаларды лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады: қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары.
Прокуратурасымен, сотымен, ұлттық қауіпсіздік департамент Комитетінің бөлімімен, полиция бөлімімен, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департамент полициясының 5 бөлімімен, әділет басқармасымен, Курчатов қаласы бойынша сот әкімшілігімен, әскери бөлім 3514-пен ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады.
Қала әкімдігінің, мемлекеттік – құқықтық, әкімшілік-аумақтық құрылыс, қылымсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі координациялық кеңес, бюджеттік комиссия және Ядролық технологиялар паркінің мәселелері.

Қабылдау уақыты: Бейсенбі күні апта сайын 15 сағат 00 минуттан бастап
Электронды мекен-жайы: akimatkurchatov@akimvko.gov.kz  
Тел/факс: 8 (72251) 3-36-01

 

Парақтар өзгертілді: 30-09-2019