Филиал города Курчатов Палаты препринимателей ВКО

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
Оқу ұзақтығы – 1 ай. Үшінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 03.06.-04.06.2019 аралығында өтеді. Оқу 2019 жылғы 5 маусымнан – 3 шілде аралығында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе Курчатов қаласы Абай 13 к-сі анықатама телефоны 35013, 79101

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы

Курчатов қаласының кәсіпкерлерді қолдау орталығы (әрі қарай-КҚО) кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау түрлері мен құралдары бойынша кеңес беруді өтеусіз негізде жалғастыруда.
КҚО 2018 жылдың тамыз айында жұмысын бастаған Atameken Services кәсіпкерлер үшін өздеріне өздері қызмет көрсетудің электронды алаңы табысты жұмыс жасауда. Atameken Services қызметтері тізімінде қаржылық емес қолдаудың сегіз бағыты бойынша қол жетімді 76 тегін қызмет бар. Бұл бухгалтерлік, салықтық кеңестер, кедендік жәрдемдесу, IT-секторында қолдау көрсету, маркетинг қызметі, заң қызметі, мемлекеттік-жеке серіктестік, мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ, реквизиттар арқылы заңды тұлғалар туралы ақпаратты іздеу жөніндегі қызметтер.
Қазіргі таңда КҚО-мен осындай 216 қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлер маркетинг, заң қызметтерін, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып сатып алу бойынша қызметтерді алды.
Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бизнес субъектілерінің талдауы келесі мәселелер бойынша қызметтер үлкен сұранысқа ие екендігін көрсетті. Атап айтқанда маркетинг – 58 немесе 46,7%, заң қызметтері – 31 немесе 22,8%, бухгалтерлік немесе салық есептерін жүргізу қызметтері – 24 немесе 18,0%, мемлекеттік сатып алулар бойынша қызметтер – 11 немесе 8,9%.
Жұмыс жасап жатқан және кәсіпкерлік ынтасы бар тұрғындарды біздің КҚО шақырамыз. Онда біз сіздің жобаларыңыздың және бизнес-идеяларыңыздың шындыққа айналуына көмек көрсете аламыз!

Мекен-жайы: Курчатов қ., Абай көшесі 13, 1-қабат №4 каб.
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.00
Анықтама телефондары: 3-50-13, 7-91-01

Парақтар өзгертілді: 21-05-2019