Кәсіпкерлік қызметтерді қолдау

Кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге көмек

Кәсіпкерлікті қолдауда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізілуде: облыстық қалалар деңгейінде – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, моноқалаларда - Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары, аудандарда – Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары.
Сонымен, жұмыс істейтін және жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлер облыстық орталыққа бармай тұратын жерлерінде бизнесті дамыту бойынша тегін кеңес ала алады.
2013 жылдың 19 наурызында «2012-2020 жылдардағы моноқалаларды дамыту Бағдарламасын (Одан әрі қарай «моноқалалар Бағдарламасы»)» жүзеге асыруға сәйкес Курчатов қаласының халыққа қызмет көрсету орталығында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы (Одан әрі қарай «Орталық») ашылды. Осы Орталық жұмыс істейтін және жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлерді «Бизнестің Жол картасы 2020» Бағдарламасына қатысуға тарту жөнінде үгіттеу жұмыстарын, оқыту курстарынан өту үшін өтінім жинау жүргізіліп, кеңес беру жөнінде қызметтер, сонымен қатар «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры бағдарламасының шеңберінде басқа да жұмыстар көрсетеді.
Бүгінгі күні Курчатов қаласының Кәсіпкерлерді қолдау орталығының екі кеңес берушілерімен жұмыс істейтін және жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлерге, кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға 41 кеңес берілді. Көпшілік келгендерді «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» жөнінде бизнесті қолдау құралдары қызықтырады.
Жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлер кәсіпорынды ашу және тіркеу жөнінде мәселелерімен, сонымен қатар «Бизнестің Жол картасы 2020» Бағдарламасының төртінші бағытына сәйкес «Бизнес-Кеңесші» екі күндік тегін курстарында оқытылудан өткілері келеді. Курчатов қаласында оқыту курстарынан өткізу мамыр айында жоспарлануда. Курстан өту туралы сертификат гранттық қаржыландыруды алу үшін қажетті жағдай болып табылады.
Біздің орталықтың мекенжайы:
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қаласы әкімдігінің ғимараты.
Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.



Парақтар өзгертілді: 06-06-2017