Кәсіпкерлік қызметтерді қолдау

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

Осы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша жеке кәсіпкер «Бөлшек сауда бойынша бизнесті кеңейту» жобасын іске асыру үшін жалпы сомасы 7,7 млн.теңгеге сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша ӨҮК мақұлдауына ие болды. 4 жұмыс орны құрылды.
Қазіргі уақытта «Ақ Ниет» өңірлік бағдарламасы арқылы «Дүкен ашу үшін үй - жай сатып алу» жобасы жүзеге асырылып жытыр. Жоба сомасы: 7,1 млн. теңге. 2 жұмыс орны құрылды.
«Эковата «целлюлоза мақтасын өндіру» жобасы аясында мемлекеттік грантты алуға үміткер ШОК субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен 3,0 млн.теңге сомаға мемлекеттік грант алды. 2 жұмыс орны құрылды.

Бизнестің жол картасы 2020.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржылау ережесі.

Курчатов қаласында  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады, сондай - ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламада кәсіпкерлерге келесідей шараларда қаржылық қолдау көрсетеді:
1)  банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
2)  банктердің/даму банкінің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру;
3)  мемлекеттік гранттар беру;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын несиелері беру;
5) микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
6) микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы несиелеріне ішінара кепілдік беру;
Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы П.К.Кариповаға хабарласуға болады, байланыс телефоны: 3-49-92.

Парақтар өзгертілді: 07-10-2019