Кәсіпкерлік қызметтерді қолдау

«Бизнестің жол картасы 2020» жүзеге асыру бойынша ақпарат

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша өтінім беруші «Атомпроект» ЖШС-і «Бөлшек сауда бойынша бизнесті кеңейту» жобасын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 7,7 млн.теңгеге несие бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесіне субсидия алды. 4 жұмыс орны ашылды.
Сондай–ақ жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қаланың жеке кәсіпкерлерінің 2 бизнес – жобасына (А. С. Абдикаримов, А. Е. Қайыржанов) целлюлоза мақтасын өндіру бойынша «Эковата» және компьютерлік бүліну стендісі және компьютерлік диагностика жобаларын жүзеге асыруға гранттық қаржыландыру ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Жобалардың жалпы сомасы 5,5 млн. теңгені құрады. 3 жұмыс орны құрылды.
2020 жылдың басында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкер (З. А. Зиминова) «Қонақ үй қызметтерін ұсыну» жобасын жүзеге асыруға қарыз қаражаты бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау ретінде қаржылық қолдау көрсетілді. Жалпы сомасы 8 млн. теңге.

 

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржылау ережесі.

Курчатов қаласында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады, сондай - ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламада кәсіпкерлерге келесідей шараларда қаржылық қолдау көрсетеді:
1)  банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
2)  банктердің/даму банкінің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру;
3)  мемлекеттік гранттар беру;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын несиелері беру;
5) микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
6) микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы несиелеріне ішінара кепілдік беру;
Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы П.К.Кариповаға хабарласуға болады, байланыс телефоны: 3-49-92.

Парақтар өзгертілді: 27-02-2020