ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Назар салыңыз!

Жария етудің жеңілдетілген шараларын пайдаланып, қарапайым әдіспен өз ақшаңызды көлеңкеден шығарыңыз.
Алымды төлемей банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салып, немесе 10%-дық алым төлеп шотқа салмай көрсетіп, мемлекеттік кірістер басқармасына декларация тапсырып, заңдастырылған ақшаны кез келген уақытта өз қалауыңыз бойынша жұмсаңыз.
Толық ақпарат алу үшін (8 7232) 244793 телефонына хабарласыңыз.

ШҚО бойынша Мемлекеттік
кірістер департаменті


Мемлекеттік грант бойынша конкурс

Конкурсты ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимараты, 316 а кабинет; пошталық мекенжайы: 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 үй, 316 а; электронды поштаның мекенжайы: m.baisalbaeva@akimvko.gov.kz; байланыс телефоны: 8 (7232)57 83 47.
Конкурстың нысанасы: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) ұсыну.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдер тапсыру орны:
Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4, тел.:8 (722-51) 2 59 92;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайы бойынша өзi, пошта немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiм мен конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмдерi: 2015 жылдың 7 тамызынан бастап 2015 жылдың 18 тамызына дейiн жұмыс күндерi сағат 10.00-ден бастап сағат 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).Өтiнiмдердi тапсыруды бастаған күнi мен уақыты: 2015 жылдың 7 тамызы сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт). Өтiнiмдердi тапсыруды аяқтау күнi мен уақыты: 2015 жылдың 18 тамызы сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).
Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz, www.predprom.gurk.kz сайтында танысуға болады.

«Қаражал» кен орнын кешенді экологиялық тексеру материалдарын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы – қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (*.pdf 1 778Kb)

Құрметті курчатовтықтар!

Құрметті курчатовтықтар!Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімі, Сіздерге, 9 наурыз күні сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін электросиренаның қосылуымен хабарландыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетіні туралы хабарлайды. "Барлығыңыз назар аударыңыздар!" деген сирена белгісі маңызды ақпарат болатынын білдіреді. Трансляция эфирлік теледидар арқылы беріледі, сондай-ақ Курчатов қаласы әкімінің ресми сайтына орналастырылады.     

Курчатов қаласының ТЖБ

Парақтар өзгертілді: 13-06-2016

 

 

 

 

 

Copyright © 2009-2017

071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Кеңсе бөлімінің телефоны: 8 (72251) 3-37-95, 8 (72251) 3-29-39
e-mail: it.kurchatov@akimvko.gov.kz 
Сайт әкімшісі: Шамиев Адлет Ануарханов
Сайт әкімшісінің телефоны: 8(72251) 7 90 29
e-mail: d.kabieva@akimvko.gov.kz