Қала туралы

Қаланың сыйлы азаматтары.

Геннадий Федорович КращукГеннадий Федорович Кращук 1948 жылы 17 маусымда Комсомольск-на-Амуре қаласында әскери қызметшілердің жанұясында дүниеге келді.
1956-1966 жылдар аралығында мектепте оқи отырып, мектептің қоғамдық өмірінде белсенді қатысты.
1966 жылы пилотсыз ұшу аппараты мамандығы бойынша Хабаровск қаласындағы топтық-техникалық оқыуына түсті.
Геннадий Федорович Кращук кадрлық әскерей қызметші, Курчатов қаласында 1969 жылдың қыркүйек айынан бастап тұрады. Осы уақыттан бастап 1993 жылдың желтоқсан айы аралығында 52605 әскери бөлімде қызмет атқарды. РФ ҚМ ММ бастығының 12 бұйрығымен «подполковник» әскери атағынан еңбек сіңірген жылдары бойынша запасқа жұмыстан шығарылды.
1994 жылдан бастап 1999 жыл аралығында «Жарық» коммерсиялық өндірістік фирма директорының орынбасары, күзет бастығы болып қызмет атқарды. Қайта ұйымдастырудан кейін 1999 жылдан бастап 2005 жылдың ақпаны аралығында жоғарыда аталған «Агат» ЖШС нефтебазасының басқарушысы болып тағайындалды.
2005 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ҰЯО «Байкал» ҚМК әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы болып жұмысқа қабылданды. 2016 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін ҚР ҰЯО «Байкал» ҚМК ӘШБ инженер болып жұмыс істеп жатыр.
Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерінің кеңесінде 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Курчатов қаласының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын иеленіп отыр.
2017 жылы «Курчатов қаласының құрматті азаматы» атағы берілді.

 
Эрлан Гадлетович БатырбековЭрлан  Гадлетович  Батырбеков  1961 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді.
МИФИ бітірген соң Яролық физика институтына жұмысқа қабылданды. Онда еңбек жолын инженерден бастап жетекші ғылыми қызметкер (Алматы қаласы 1984-1994 жылдар) лауазымына дейін жұмыс істеді.
Э. Г. Батырбеков – Қазақстанда да шет елде де танымал физик-ядерщик. Ол ішкі реакторлық эксперимент және оптикалық сәуле шығаруда ядролық энергияны түрлендіру саласында мойындалған маман. Семей полигоны конверсиясы бойынша сарапшы (Фонд Нанна- Лугара).
Э. Г. Батырбековтің ғылыми қызметінің нәтижелері жетекші есептік және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған. Оның ядролық энергетика бойынша 100 – ден аса ғылыми басылымдары бар. Өзінің 7 өнертабысы бар.
2016 жылдың қыркүйек айында  Э. Г. Батырбеков «физика» мамандығы бойынша професор ғылыми атағын алған.
Э. Г. Батырбеков – 2010 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Курчатов қалалық мәслихатының депутаты.
2010 жылы Қазақстан Ұлттық табиғи ғылым академиясының академигі болып сайланды. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясының тілші-мүшесі, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Үлбі металургиялық зауты» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, ҚР ҰЯО Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы, «Вестник НЯЦ РК», «Человек. Энергия. Атом» журналдарының бас редакторы, Азиядағы ядролық бірлестігі форумының Қазақстан Республикасынан атынан координатор.
2017 жылы «Курчатов қаласының құрматті азаматы» атағы берілді.

 

Ануарбек Мұхтарханұлы МұхтархановАнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов 1955 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.
Ануарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов 1980 жылы агроном мамандығы бойынша Қазақ Қызыл Белгі Ееңбек ауыл шаруашылығы институтын бітірді, 2006 жылы Алматы қаласының экономика және статистика академиясын қаржы бакалавр мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Калинино а. Күршім ауданының Калининская красная юртасының менгерушісі болып бастады.
2003-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі болды.
2015 жылдың қараша айынан бастап «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылы «Курчатов қаласының құрматті азаматы» атағы берілді.

 


Батырбеков Гадлет АндияновичҒаділет Андиянұлы Батырбеков 1934 жылы 10 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келді.
1957 жылы Мәскеу энергетика институтының гидро-энергетика факультетін бітірген.
1958 жылдың басынан бастап ҚазКСР ҒА қайта құрылған Ядролық физика институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданып, И. В. Курчатов атындағы Атом энергиясы институтына біліктілігін арттыруға жіберіледі, ол жерде ядролық редактор бойынша мамандырудан өтеді.
1960 жылдан бастап 1963 жыл аралығында Физика энергетика институтының аспирантурасында (Обнинск қ.) білім алады.
1980-1993 жылдары КазКСР ҒА Ядролық физика институтының ғылыми директорының орынбасары болып қызмет ете отырып, ғылыми зертхананы қатар басшылық етеді.
1987 жылы Физика энергетика институтында докторлық диссертациясын қорғайды.
1990 жылы КСРО ЖАҚ оған «Ядролық энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша профессор атағын береді.
Ғ. А. Батырбеков 1993 жылдың 15 қаңтарында ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен ҚР Ұлтттық ядролық орталығының тұңғыш бас директоры болып тағайындалып оны 1996 жылға дейін басқарады.
Ғ. А. Батырбековтың барлық ғылыми қызметі физика мен техникалық реакторлар және ядролық энергетика мәселелерімен тығыз байланысты.
Техника ғылымының докторы, профессор, ҚР сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бірінші директоры, Ядролық физика институтының атом энергетикасының техникалық және физикалық мәселелері зертханасының басшысы, Ядролық физика институтының энергетика жөніндегі бас ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас ғылыми қызметкері.
2016 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Гариков Димитрий АлександровичДимитрий Александрович Гариков
1975 жылы 9 шілдеде Семей облысының Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында дүниеге келді.
1998 жылы Семей құрылыс техникумын, сосын Шығыс Қазақстан облысының Д. Серікбаев атындағы техникалық университетін бітірді. Мамандығы: құрылыстарды, ғимараттарды және қосалқы ғимараттарды эксплуатациялау, техник – құрылысшы –технолог; өндірістік және азаматтық құрылыс, инженер-құрылысшы.
Өзінің еңбек жолын Бородулиханың ЖҚС-ында  операторы болып бастады, сосын 30 жыл ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді: «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көп салалы кәсіпорынның бастығы; ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы; ШҚО Бородулиха ауданының әкім орынбасары; «ШҚО кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы; Семей қаласы әкімінің орынбасары. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету, құрылыс, кісі тасу көлігі, автокөлік жолдары және байланыс мәселелеріне жетекшілік етті; Курчатов қаласының әкімі; Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылы «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ бастығы болып тағайындалды.
Курчатов қаласында жұмыс істеген кезде өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін жұмыста инновациялық әдісті қолдануды тырысты.
Жұмыс барысында қала кәсіпкерлерінің бизнес-жобаларын, үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетті.
Үйленген, үш баласы бар, өз жақындарына қамқоршы, отбасылық құндылыққа бауыр басқан.
2016 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дмитрипавленко Владимир Николаевич Владимир Николаевич Дмитрипавленко
1949 жылы 7 наурызда Волгоград облысы Николаевск қаласында дүниеге келді. 1973 жылы Мәскеу әуе институтын «Ұшу аппаратының қозғалтқыштары» мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірген соң ҒЗИ жылу үдерістері № 20 кешенді экспедициясына (орналасқан жері Семипалатинск 21 қаласы) жіберілді. 1984 жылы аға инжинер лауазымына ауыстырылды, содан соң «ҒЗИ жылу үдерістері» жанынан салынған кәсіпорын (алдағы уақыттағы «Байкал» кәсіпорыны) дирекиясының директоры болып тағайындалды. 1993 жылы ҚР ҰЯО бас директордың орынбасары – бас инжинер болып тағайындалды. 1996 жылы Семей облысы бойынша «Алтайэнерго» АҚ вице-президенті болды. 1997-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі болды. 2000 жылдан бастап 2003 жыл аралығында ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының аға инженері болды. 2003 жылы Курчатов қаласының ЯФИ зертханасының бастығы.2006 жылдың маусым айынан бастап Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының өндірісі жөніндегі директордың орынбасары. 2013 жылы ҚР ҰЯО қайтадан құрылуына байланысты, ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы директорының орынбасары болып ауыстырылды.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2016 жыл аралығында Курчатов қалалық мәслихатының бесінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі:
2016 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Шамиль Талибулович ТухватулинШамиль Талибулович Тухватулин
1947 жылы туған, Томск политехникалық институтын «Физико-энергетикалық орнату» мамандығы бойынша бітірді. Өз еңбек жолын 1971 жылдың наурыз айынан біріккен экспедицияда зертхана инженері қызметінде бастады, бөлім басшысы, «Луч» НПО Біріккен экспедициясы директорының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, 1993 жылдың ақпан айынан 2000 жылдың қазан айына дейін – ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, 2000 жылдың қазан айынан бастап ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас директоры болды.
Ш. Т. Тухватулин бірінші жұмыс күнінен бастап өзінің ядролық реакторлар физикасы саласында мықты білімі бар маман екендігін көрсетті, «Байкал-1» стенд кешеніндегі бірінші сынақтарды дайындау және өткізуге белсенді қатысты.
1985 жылы Подольск ғылыми-зерттеу технологиялық университетінің жанындағы Кеңес шешімімен техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі тағайындалды.
50-ден астам ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың авторы болып табылады.
Курчатов қаласында әр түрлі қызмет атқара отырып Шамиль Талибулович қала өміріне белсенді қатысты. Ол қаланы дамыту бойынша әлеуметтік-экономикалық жоспарлар мен іс-шараларды құру және енгізуге тікелей қатысады. Оның тікелей көмегімен қаланың жылу жүйесін қайта жөндеуге қаржы бөлінді.
Азаматтардың уақыт өткізуі мен демалу орталығы болған қалалық мәдениет үйінің қалпына келтірілуіне, және шығармашылық ұжымдардың дамуына елеулі үлес қосты.
2001 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Ержан Оразұлы РахметовЕржан Оразұлы Рахметов
1961 жылы 3 сәуірде Семей облысы Үржар ауданы Науалы ауылында дүниеге келген.
1983 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын тәмамдады. Өнертабысқа патенті бар.
Институт аяқтағаннан кейін 1983 жылдың тамыз айынан бастап Семей станциясы Алматы темір жолы Ленин орденінің 11-дистанция дабылы мен байланысының электромеханигі болып жұмыс істеді. 1983 жылдың қараша айынан бастап Кеңес армиясының қатарында қызмет атқарды. 1985 жылдың маусым айынан – бас электрик, 1987 жылдың қаңтар айынан – бастықтың орынбасары, 1989 жылдың қыркүйек айынан – Алматы № 1 «Металлист» зауыты цехының басшысы. 1995 жылдың қыркүйек айынан – «Сонар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Орта Азия мен Қазақстан бойынша мұнай өнімдері басқармасының бастығы. 1998 жылдың қыркүйек айынан – директор орынбасары, 1999 жылдың маусым айынан «Сонар мұнай өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып жұмыс атқарды.
1999 жылдың қазанында Шығыс Қазақстан облысы № 18 Абай сайлау округі бойынша екінші турда Қазақстан Республикасы Мәжіліс парламенті екінші шақырылымының депутаты болып сайланды, «Отан» Республикалық партиясымен алға қойылған. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша Комитет мүшесі.
2004 жылдың 19 қыркүйегінде № 24 сайлау округі бойынша 5 сайланушының ішінен балама негізде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты болып екінші мерзімге сайланды. Экономикалық реформа мен аймақтық даму бойынша Комитетінің мүшесі болып табылады.
«Құрмет» орденімен марапатталған, «Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы тағайындалған.
Әскери атағы – запастағы лейтенант.
Үйленген. 3 баланың әкесі.
2007 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Колбаенков Александр НиколаевичКолбаенков Александр Николаевич
1945 жылы Амур облысының Свободный қаласында туған. 1970 жылы Томск политехника институтын «Физика-энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша аяқтайды.
Ядролы- ракеталық қозғалтқыш, Ядролық энергоқозғалтқыш қондырғысы, 1 жаңартылған зерттеулік жоғары температуралық газды реакторы қосудан бастап, «Байкал-1» реактор кешенінде өткізілетін түрлі реакторлардың жылу бөлетін жинағын сынау бойынша барлық тәжірибелік зерттеулерге тікелей қатысқан.
Жаңартылған ампулдық реактордың және жаңартылған зерттеулік жоғары температуралық газды реактордың сынақтарына және оларды жасауға қатысқан. Александр Николаевич атом энергетикасы қауіпсіздігінің негіздемесіне тәжірибелік зерттеулерді ұйымдастыруға және оларды өткізуге үлкен үлес қосты.
Оның теориялық білімдері мен үлкен іс тәжірибесі жас мамандарды даярлау мен тәрбиелеуде ағымдағы мәселелер кешенін шешу және тәжірибилік зерттеулерді ұйымдастыру кезінде кеңінен қолданылады. Жылдар бойы жоғары оқу орындары студенттерінің мемлекеттік емтихандарын қабылдау мен дипломдық жұмыстарын қорғау бойынша Мемлекеттік аттестациялық комиссияның мүшесі, «Байкал-1» зерттеулік реакторлар кешені құрылымының инженерлі-техникалық жұмысшыларын аттестациялау комиссиясының төрағасы болып табылады. 
Александр Николаевич үш ғылыми жаңалықтардың бірлескен авторы.
Атом энергетикасы саласында жоғары білікті маман.
2007 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Шахмұрат Игембекұлы ТөлеутаевШахмұрат Игембекұлы Төлеутаев
1947 жылы 17 маусымда Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Семей қаласының құрылыс техникумын тәмамдады, 1977 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын, 1986 жылы Алматы жоғары партия мектебін аяқтады.
1977 жылы Шар партиясының аудандық комитеті өнеркәсіптік-тасымалдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1982 жылы депутат қызметкерлердің аудандық Кеңесі Шар атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
1991 жылдан 1994 жылға дейін аудандық Кеңес төрағасының бірінші орынбасары – Абралы ауданы атқарушы комитетінің төрағасы жұмысын атқарды.
2000 жылдың 13 шілдесінен Курчатов қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, байланыс, экономика, экология мәселелері бойынша жетекшілік етті.
Шахмұрат Игімбекұлы екі рет қалалық Мәслихат депутаты болып сайланды, бірінші рет 2003 жылдың қыркүйек айында, екінші рет 2007 жылдың тамыз айында, екі ретінде де хатшысы болды.
«Нұр-Отан» партиясының мүшесі. 2006 жылдың наурыз айынан «Қазақстан мәслихаты депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Курчатов қалалық өкілдігінің төрағасы.
2012 жылдан бастап Достық үйінің директоры, ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Мемлекеттік марапаттарға ие: Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, мерейтойлық медальдар: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына; Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына; Қазақстан Республикасы парламентінің 10 жылдығына; «Астанаға 10 жыл»; «Ерең еңбегі үшін» медалі.
Курчатов қаласында орналасқан ҚР ішкі әскері мен бригада басшылығымен көп жылдық, ортақ және жемісті жұмысын ескере отырып, 2-дәрежелі «Қайсар» төс белгісімен марапатталды, запастағы полковник атағы берілді. Курчатов қаласының құрметті азаматы.
Үйленген. Керемет отағасы, екі ересек баланы және бес немере тәрбиелеуде.
2009 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Василий Афанасьевич МасневВасилий Афанасьевич Маснев
(1944 ж. – 2010 ж.)
1944 жылы туған, білімі жоғары, 1964 жылы Рубцовск механизация және ауыл шаруашылығын электрлеу техникумын аяқтаған. Алей ауданы Алтай өңірі «Слава» совхозында механик болып жұмыс істеген.
1964 жылдан 1990 жылға дейін Василий Афанасьевич КСРО Қорғаныс Министрлігі Бас басқармасының 12-әскери бөлімі КСРО Қарулы Күштерінде әр түрлі қызметтерде әскери қызмет атқарған.
1973 жылы Латвия Республикасы Рига қаласында «Пилотты ұшу аппараттардың электр-құрылғы жабдықтары» әскери мамандығы бойынша жоғарғы инженерлік-авиациялық училищесін бітірген. Азаматтық мамандығы «Инженер электрик».
1979 жылдан 1984 жылға дейін ЧКСР Варшава шарты әскерінде қызмет атқарды. Арнайы құрылымның қозғалмалы штабының бастығы қызметін атқарды, содан кейін арнайы құрылымның командирі болды. Әскери қызмет барысында В.А.Маснев КСРО Қорғаныс Министрлігі Бас басқармасы 12-әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық оперативтік бөлімінде құжаттаманы әзірлеген.
В.А.Масневтің КСРО Қорғаныс Министрлігі Бас басқармасы 12-әскери бөлімінің басшылығынан бағалы сыйлармен қоса алған 50 алғысы бар. 1998 жылы Василий Афанасьевич Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Комитетінде (ТЖК) өткен ұлттық оқыту семинарына қатысқан, RE9\050 МГТЭ жобасының аясында «Авариялық жоспарлау және ядролық немесе радиациялық аварияға жауап қайтаруға дайындық» қатысушысының сертификатын алды.
2005 жылы ҚР ШҚО Төтенше жағдайлары бойынша Департаментінің Дайындық және оқыту орталығында қайта даярлаудан өтіп, сынақты «өте жақсы» бағасымен тапсырды, 2007 жылы Алматы қаласының ҚР ТЖМ Дайындық және оқыту орталығында қайта даярлаудан өтіп, сынақты «өте жақсы» бағасымен тапсырды.
Василий Афанасьевич «Атом энергиясы Институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны мен «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін АҚ және ТЖ бойынша құжаттарды даярлады, «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының АҚ және ТЖ бойынша жоспарын даярлады, жоюдың қазіргі заманғы құралдарын қолдану арқылы, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болуы жағдайына ҚР ҰЯО РМК-ның ҚКП (қорғалған командалық пункт) құжаттарын құрған.
В.А.Маснев Курчатов қаласының АҚ пен ТЖ бойынша республикалық және облыстық жаттығуларды өткізуге белсенді қатысқан.
Василий Афанасьевич 18 жыл институт Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қала Ардагерлер кеңесінің мүшесі, институт кәсіподақ комитетінің мүшесі, «НұрОтан» партиясының мүшесі болған.
Атом энергиясы институтында 1990 жылдан бастап бас энергетика бөлімінде электрқондырғыларын пайдалану бойынша инженер лауазымында қызмет атқарған.
1994 жылдан 2009 жылға дейін «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Атом энергиясы Институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнында Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып жұмыс істеген.
2009 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Қайрат Қамалұлы ҚадыржановҚайрат Қамалұлы Қадыржанов
1945 жылғы 5 желтоқсанда Қазақ КСР- і Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1970 жылы Мәскеу инженерлік- физикалық институтының тәжірибелік және теориялық физика факультетін бітірді. 1970 жылдан 1975 жылға дейін И.В.Курчатов атындағы атом энергиясы институтында стажировка мен аспирантурадан өтті.1975 жылдан 1978 жылға дейін Қазақ политехника институтында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
Қ.Қ.Қадыржановтың ғылыми қызметінің нәтижелері жетекші отандық және халқаралық ғылыми басылымдарда басылған, халқаралық конференцияларда, симпозиумдарда оқылды, мамандар арасында лайықты танылып, белгілі болды. Оның жарияланымдарының саны 350- ден астам баспа жұмыстарынан тұрады, оның ішінде 5 монография.
Оның басшылығымен 4 ғылым докторы мен 3 ғылым кандидаты қорғалды.
2006 жылдан 2012 жылға дейін Қайрат Қамалұлы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК басқарды.Бас директор міндетін атқарып отырған кезінде Қайрат Қамалұлы кәсіпорынның ағымдағы міндеттерін шешумен қатар бұрынғы Семей сынақ полигонын қалпына келтіру және Курчатов қаласын дамыту, қайырымдылықты және спортты дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөлді.
2005 жылы ол ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған медалмен марапатталды. І дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті төсбелгісімен марапатталды (алтын белгі). 2008 жылы Қазақстан Республикасы кәсіподақ Федерациясының Құрмет Грамотасымен марапатталды. «Мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуына, халықтар достығы мен ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін» «Құрмет» орденімен марапатталды.
2007 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына депутат болып сайланды, «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
2009 жылы отандық ғылымды дамытудағы елеулі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды. 2009 жылы Қайрат Қамалұлына ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілді.
2013 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы (Астана қаласы) Евразия Ұлттық университеті кафедрасының профессоры.
Үйленген. Екі қыз бала тәрбиелеуде.
2010 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Жанболат Гильманұлы ГильмановЖанболат Гильманұлы Гильманов
(1935 ж.-2012 ж.)
1935 жылғы 10 тамызда Ақтөбе облысының бұрынғы Новороссийск ауданының Қызыл Қайың ауылында дүниеге келген.
1953 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогика институтына түскен.
1954- 55 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетінде оқып, жұмыс істеді. 1956- 59 жылдары КСРО қарулы күштері қатарында қызмет атқарды, ҰОС ардагеріне теңестірілген жауынгер- интернационалист мәртебесіне ие. Запастағы офицер, 1959 жылдан 1962 жылға дейін ММУ үзілген оқуын қайта жалғастырды және ММУ құрылыс басқармасында жұмыс істеді.
1962 жылы М.И.Калинин атындағы Мәскеу түсті металлдар және алтын институтына түсті (сирек кездесетін және радиоактивті элементтер факультеті).
1978- 1981 жылдары ПромНИИпроект жанындағы аспирантураны оқып, бітірді, ал 1983 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
1985- 1987 жылдары КОКП МҚК марксизм- ленинизм университетінде оқып, үздік бітіріп шықты( Мәскеу қаласы).
Д.Г.Гильманов Мәскеудегі ғылыми қызмет кезеңі ішінде 3 ғылым кандидатын дайындады.
1989- 1992 жылдары Д.Г.Гильманов «Невада- Семей» ХЯҚҚҚ Мәскеу бөлімшесін құруға белсене қатысты және О.О.Сүлейменовтың өкімімен ол тең төраға болып сайланды.
1993 жылы Д.Г.Гильманов ВНИИпромтехнология ҒЗИ ҚР Ұлттық ядролық орталығына ауысты (Қазақстан, Курчатов қаласы) және Бас директордың экономика және маркетинг бойынша орынбасары болып тағайындалды және осы орталықты ұйымдастырушылар мен құрушылардың бірі болды. 1993- 1994 жылдары ҚР Үкіметінің өкімімен Д.Г.Гильманов Семей сынақ полигоны объектілерін және қалалардағы геофизикалық обсерваторияларды (Курчатов, Қаскелең, Ақтөбе, Боровое, Мақаншы) қабылдау бойынша комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары болып тағайыындалды.
1999 жылы Д.Г.Гильманов 2 шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылды.
Д.Г.Гильмановтың 100 ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 60 басылымы бар, техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі бар, ҚР «Экология» халықтық академиясының академигі.
Ұзақ мерзімдік ғылыми және қоғамдық қызметі үшін Жанболат Гильманұлы бірнеше Алғыстар, сыйлықтар иеленді, марапатталды: КСРО «Еңбек ардагері» медалімен 1990, «Ресей Федерациясы атом энергетикасының ардагері» белгісімен 1999, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, ЭМ және ҚР ҰЯО РМК Құрмет Грамоталарымен (2004- 2006), «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Құрметті атағымен (алтын белгі)2007 жылы, «Семей-невадаға 20 жыл» медалімен 2009 жылы марапатталды.
Соңғы жылдары Д.Г.Гильманов біздің қаламыздың қоғамдық- саяси өміріне белсене араласты.
Жанболат Гильманұлының артында 2 баласы, 3 немересі қалды.
2010 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Антон Борисович МурзаевАнтон Борисович Мурзаев
(27.01.1927 ж – 07.07.2015 ж)
1927 жылғы 27 қаңтарда Бесқарағай ауданы Рамадан ауылында үлкен шаруа отбасында дүниеге келген.
1941 жылы Антон Борисович «Прииртышская правда» ұжымшарында жұмыс істеді.
Майданға 1944 жылы шақырылды. Уфа қаласынан 35 шақырым жердегі Алкиноға кіші командирлердің оқу ротасына келіп түсті, алайда аяғына дейін оқуға мүмкіндік болмады, бес айдан кейін майданға жөнелту туралы бұйрық келіп түсті. Антон Борисович Қиыр Шығыс майданы 96 дивизиясының 163 полкіне жаяу әскерге қатардағы жауынгер болып түсті. Көп ұзамай екінші майдан ашылды.Мугденге шабуыл басталды, оны басып алғаннан кейін Харбинге шабуыл басталды. Харбинді кескілескен ұрыспен алды.
Антон Борисович «Жапонияны жеңгені үшін», «Кеңес Армиясына 30 жыл» және өзге де мерейтойлық медальдармен наградталған.
Антон Борисовичтің артында 3 баласы 5 немересі, 1 шөбересі қалды.
2015 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Василий Петрович Дубина Василий Петрович Дубина
1924 жылғы 27 қыркүйекте Молдавия КСР – і Флорент ауданы Маркулешты ауылында дүниеге келген.
1941 жылы Дондағы Ростовта ФЗО (фабрика- зауыт оқуы) шахтадан өтуші мамандығына оқыды.
Соғыс басталғаннан кейін Курск облысы Дмитриев қаласында тұрған 208 қосалқы полктің оқу бөліміне орналасты (барлау бойынша).
Оқудан кейін Рокоссовский басқаратын 3 Белорус майданы 124 дивизияның 65 полкіне бөлініп, жіберілді.
1944 жылы «Миллер К» хуторы маңындағы майдан шебінен 3 шақырым жердегі өткізілген сәтті операциядан кейін «Әскери еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Василий Петрович құрамында соғысқан 124 әскери дивизия Латвиядан, Литвадан, Эстониядан, Шығыс Пруссиядан өтті, Нарва өзенінен өтті, Кенигсберг қаласын алуға қатысты.
Василий Петровичтің наградалары: 2 дәрежелі Отан соғысы ордені, «Әскери еңбегі үшін» және өзге де мерейтойлық медалдар. Василий Петрович Дубина соғысты Берлин қаласына 25 шақырым жетпестен аяқтады.
1954 жылы Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келді.
Жақсы отбасының отағасы, екі қызы бар.
2015 жылы «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.



Парақтар өзгертілді: 08-12-2017