Сәулет және құрылыс

Тұрғын үй құрылысы

«ШҚО Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі бойынша 2018 жылғы 2 тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ):
Қаланың бас жоспарымен жеке тұрғын үй құрылысына 42 га жер қарастырылған. Бүгінгі күнге жер учаскесін алуға кезекте 780 адам тұр.
ҚР Жер кодексінің 44 бабы 8 тармағына сәйкес – бөлшектеп жобалау жобасынсыз және (немесе) құрылыс жобасынсыз құрылыс жүргізуге жер учаскесі ұсынылмайды.
Қаланың бөлшектеп жобалау жоспарын әзірлеуге қалалық бюджеттен 11 млн. теңге бөлінді. Қаланың бөлшектеп жобалау жоспары әзірленді және Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қазандағы № 408 қаулысымен бекітілді. Үйлерді орналастыру схемасы әзірленді. Шағын ауданды сумен және электрмен жабдықтауға арналған жобалау жұмыстары жүргізілуде.

«Биотермиялық шұңқыр құрылысы» жобасы әзірленуде.

«120 орынға арналған «Тополек» балабақшасын қалпына келтіру әзірленді және мемлекеттік сараптамаға қарау үшін ұсынылды.

Қалада нысандар бойынша құрылыс- монтаждау жұмыстары жүргізілуде:

Мердігер мекеме «ВостокСтройГрупп» ЖШС. 13.03.2018 жылы №11 келісім шарт жасасты. Техникалық қадағалау - «Zertec» ЖШС, 30.01.2018 жылы №2 келісім шарт жасасты. Авторлық қадағалау – «ӨӨФ «Сәулет» ЖШС, 15.03.2018 жылы келісім шарт жасасты.
06.06.2018 жылғы жағдай бойынша:
Орындалды: РЕ 100 SDR 17- 110/ 6,6 мм – 5 шақырым құбырларын шұңқырға орналастыру үшін топырақты әзірлеу. Негізгі жергілікті топырақ құрылғысымен топырақты қолмен өңдеу РЕ 100 SDR 17- 110/ 6,6 мм – 5 шақырымдық құбырларды орнату. Орды қайта жабу. Құрылыс материалдарын әкелу.

Мемлекеттік қызмет көрсету
Бекітілген регламент және стандартқа сәйкес, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қалада «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы мемлекеттік қызметтің 6 түрін ұсынады.
2018 жылдың 2 тоқсанда 63 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері
2018 жылдың 2 тоқсанда түскен өтініштер:

 

Қала бойынша тұрғын үй құрылысының механизімі «ЖАО кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үйлер» бағыты бойынша жеке тұрғын үй салушылардан дайын тұрғын үйлерді сатып алу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта «Уркер-Восток» ЖШС Абай көшесі бойынша орналасқан бос үйлерді өз қаражаты есебінен қалпына келтірді және қайта құрылды. Осы үйлер 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Бос пәтерлердің саны - 64, жалпы көлемі 2638,8 м2. Сонымен қатар, Абай көшесі, 30 үй қалпына келтірілді (мүлік иесі «Уркер-Восток» ЖШС) және 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Бос пәтерлердің саны – 49, жалпы көлемі 2048,3 м2. Тәуелсіздік көшесі, 25 үй қайта құрылды ( мүлік иесі «Технология комфорта» ЖШС) және 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Бос пәтерлердің саны -64, жалпы көлемі 3371,7 м2.
Республика пәтерлерді сатып алуға берілген өтінішті қолдамады себебі, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылады. Осы бағдарлама бойынша тек қана тұрғын үйледің құрылысы ғана қарастырылған, пәтерлерді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру қажет деп жауап берді. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі облыстық бюджетен қаражат бөліну үшін бюджеттік өтініш берді.
Ағымдағы жылы Ұлттық Гвардияның бас қолбасшысы Курчатов қаласына келген кезде Курчатов қаласының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселерін қарау үшін қалпына келтірілген тұрғын үйлерді қарап шықты.

Парақтар өзгертілді: 13-06-2018