Сәулет және құрылыс

ИЖС құрылысы

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы

Қаланың бас жоспарында жеке тұрғын үй құрылысына 42 га жер телімі қарастырылған. Қазіргі уақытта жер телімдерін алу кезегінде 780 адам тұр.
Бас жоспарда көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына 40 га жер телімі қарастырылған.
ҚР жер кодексінің 44 – бабының 8 тармағына сәйкес- егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе құрылыс салу жоспарлары болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады
Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қаланың егжей-тегжелі жоспарын әзірледі. Қазіргі уақытта құзыретті органдармен жобаны келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан соң қала құрылысы комиссиясының бекітуіне ұсынылатын болады.
Әрі қарай жер телімдерін сумен, электрмен қамтамасыз ету бойынша жобалы-сметалық құжаттама әзірленеді.

 

Парақтар өзгертілді: 05-09-2017