Сауатты тұтынушы болыңыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz); Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

Сұрақ №1. Балалардың аяқ киімін сатып алдым, бірақ үйге келгенде аяқ киімнен ұнамсыз іс шығатын екендігін білдірдім. Бұл жағдайда не істеуім керек?
Бұл жағдайда тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағының 3 тармақшасының тәртібімен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) техникалық регламенттермен, стандарттармен және өзге де құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру рәсіміне сәйкес келуін талап ете алады.
Егер сатушы тауарға сәйкес сертификат туралы құжаттар бермесе, сатып алушы тауарды Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30 бабының 1 тармағына сәйкес қайтару құқығы бар, дәлірек айтқанда сатушы (дайындаушы) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттеріне сәйкес мыналарды:

1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдарын;
4) жануарлар мен өсімдіктерді;
5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Сұрақ №2. Мен дүкенде салқындатылған тауық етін сатып алғым келді, қорапта өнімнің салмағы көрсетілдген болған. Бірақ сатушы сатқан кезінде қайтадан етті өлшеді және салмағы қорапта көрсетілгеннен салмақтан артық болып шықты.Сондықтан төлем соммасы көбейді. Сатушының әрікеті орындыма?
Заңның 25-бабының 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жаппай (таза), көлемін, санын және (немесе) толықтығын қоса алғанда, тауар (жұмыс, қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде болуы тиіс.
Осыған орай, егер тауарлардың қаптамасында салмағы (нетто) туралы ақпарат болса, онда оны қайта өлшеудің қажеті жоқ, өйткені бұл жағдайда тауардың салмағы тауар қаптамасындағы салмағына (брутто) негізделетін болады, бұл дұрыс емес.
Осылайша, тауардың салмағы бойынша ақпараты алдын-ала болған тауарларды қайта салмақ бойынша өлшеудегі сатушының әрекеті негізсіз.
Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауына, ӘКБК 190 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тұтынушылардың білулері қажет.
ӘКБК 685 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 190 баптың 1 бөлігімен қарастылған әкімшілік құқық бұзушылықтарды ішкі істер бөлімі қарайды.

Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:
- құқықты бұзған сатушыға (дайындаушыға) сотқа дейінгі наразылықпен,
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктеріне,
- сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

 

Парақтар өзгертілді: 13-07-2018