Мәдениет

Жалпы ақпарат

2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қалада мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін Қалалық мәдениет үйі, Қалалық кітапхана, Достық үйі жұмыс істейді.
2018 жылы мәдениет қызметіндегі материалды-техникалық базаны нығайтуға, соның ішінде компьютерлер, дыбыстық жабдықтар, костюмдер сатып алуға 17 677 мың теңге бөлінді.
Қалалық мәдениет үйі үшін 2017 жылы Ледэкран, сондай-ақ жарықтандыру жабдықтары (демеушілік көмек есебінен) сатып алынды.
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани Жаңғыру» Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі үшін мәдени іс-шаралар жоспары терең және рухани әлеуетке ие іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралар жыл бойы өткізілді.
Достық үйі жанында «Рухани жаңғыру» штаб-кабинеті құрылды, осы бағытта штатқа достық үйінің қызметкерлері жауапты болды.
Қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға, тілдерге, отандық мәдениет және тарихқа деген қызығушылығын арттыру қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті болып табылады.
Қала тұрғындарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді 2018 жылы қалалық кітапхана жүзеге асырады.
Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 2 402 адам. Қала бойынша кітапхананың кітап қоры 31 857 мың дананы құрады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 12 407 қолданушы келді.
Есеп беру кезеңінде 409 дана жаңа әдеби кітаптар оның ішінде 251 данасы мемлекеттік тілде келіп түсті.
Қалалық кітапханада Коворкинг-бұрышы ашылды. Кітапханалық кеңістігі модельдік стандарттарға сәйкес жабдықталған.
Коворкинг-бұрышы кітапхана пайдаланушыларының барлық топтары үшін жұмыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады. Кітапхана мүмкіндігінше жиһазбен, компьютермен, сканермен, көшірме және принтермен, интернет желісімен және Wi-Fi-мен жабдықталған.
2018 жылдың шілдесінде қазақстандық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтардың насихаттаушысы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қала халқымен кездесті, онда ұлттың мәңгілік және өзекті мәселелесі, жас ұрпақты тәрбиелеуге тоқталды.
Мәдени кеш қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірі мен біздің заманымыздың басқа да маңызды тақырыптары туралы жазушының қызықты әңгімелерімен толы болды.
Қаладағы концерттік бағдарламаларды Қалалық мәдениет үйі ұйымдастырады. 2018 жылы шығармашылық ұжымдарының саны -14.
Қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарында хор, хореографиялық, эстрадалық-вокалды қоса алғанда түрлі жанрлар бар. Қатысушылар саны - 195 адам.
Есеп беру кезеңінде мәдениет мекемелерінде 300-ден астам мәдени іс-шаралар өткізілді, соның ішінде фестивальдар, конкурстар мен шерулер.
Бұдан басқа, Мәдениет үйінің әртістері республикалық, облыстық фестивальдар мен байқауларға қатысады, атап айтқанда:
-Қайрат Арайлым «Вокал» номинациясы бойынша «Мәдени Даму» жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының шағын қалаларының шығармашылық «Алтын Шаһар» фестиваліне қатысып, бірінші орынды, «Таңғы шұғыла» халықаралық шығармашылық жоба аясында көпжанрлы халықаралық «Мен сені сүйем, Қазақстан» фестиваль-конкурсына қатысып бас жүлдені иеленді;
- «Хореография» номинациясы бойынша облыстық байқауда «Фантазия» би тобы бірінші орынды иеленді.
- Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауында Жұмаш Тоқтарғазы бірінші орынға ие болды.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы әртүрлі іс-шаралар жүргізеді: конференциялар, фестивальдар, диспуттар, пікірталастар. Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Меценаттар, Медиаторлар клубы және Жастар лигасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Достық үйі жыл сайын Қазақстан халқының тілдері фестиваліне белсене қатысады. Аталған шараға ағымдағы жылы қала көркемөнерпаздары мен «Фантазия» би ұжымы қатысып, орыс ұлтының «Колядки» салт-дәстүрін ұсынды.
Бұдан басқа, қаланың мәдени мекемелері Бородулиха және Бесқарағай аудандарында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында Абай ауданының өнерпаздары Курчатов қаласына келіп, «Абай елі – руханият меккесі» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Театр өнері арқылы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Курчатов қаласына жаңа қойылымдарымен облыстық театрлар келіп тұрады.
Ең маңызды іс-шаралар деп Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театры, «Дариға-ай» жастар театры және Ф. М. Достоевский атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының қойған спектакльдерін атап өтуге болады.
Осы жылдың есте қаларлық оқиғаларының бірі-Жеңіс Күні қарсаңында музыкалық фонтанның салтанатты ашылуы болды, алаңда Әмре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның концерті, халықтық, камералық, сондай-ақ әскери оркестрдің фонтан жанындғы концерті үлкен салтанатты Жеңіс әнұранына айналдырды.
Курчатов қаласының аумағында екі тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Курчатов қаласының әкімдігінің ғимаратының жанында орналасқан академик И. В. Курчатов ескерткіші; Победа көшесінің басында орналасқан Азат етуші жауынгер ескерткіші.
Қаланың мекеме және ұйымдарда тарих және мәдениет ескерткіштерін қамқорлыққа алынған.

 

Парақтар өзгертілді: 19-02-2019

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ