Білім беру және спорт

«Достық үйі» КМҚК

Султабаева Гульнара СоветбековнаДиректор -  Гүлнара Советбекқызы Сұлтабаева 1980 жылы 11 сәуірде Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келді.

Қызмет жолы: 
2002 жыл - Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиет мұғалімі;
2002-2005 жж. - Тарбағатай ауданы Жамбыл Жабаев ауылының Ж.Жабаев атындағы атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиет мұғалімі;
2005-2006 жж. – «ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы;
2006 - 2017 жж. - «ШҚО Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы;
Курчатов қаласы әкімінің алғыс хаттары мен мадақтамаларымен марапатталған.
Курчатов қаласының «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2011 жылы 1 сәуірде Курчатов қаласының әкімдігінің қаулысымен құрылды. Курчатов қаласының «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында 3 этномәдени бірлестік: «Атамұра» қазақ этномәдени орталығы, «Свиточ» украин этномәдени орталығы және «Русана» орыс этномәдени орталығы бар.
2017 жылдың 03 сәуірінен бастап Курчатов қаласының «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

Кәсіпорын міндеті және қызметінің негізі
Кәсіпорынның негізгі міндеті тұрғындардың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметі мынаған бағытталған:
1) халық шығармашылығын, этномәдени әдет –ғұрып салт – дәстүрлерді сақтау, насихаттау оларды қазіргі заманғы тарихи және әлеуметтік – экономикалық жағдайларға бейімдеу;
2) Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді ұйымдастыру, концерттер, ән және би мерекелерін, фестивалдер, тұсаукесерлер, байқаулар, айтыстар,қолданбалы халық өнері және сурет өнері көрмелерін ұйымдастыру;
3) ғылыми - тәжірибелік, ақпараттық – әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
4) мәдени – демалыс қызметіндегі, халық шығармашылығындағы алдыңғы қатарлы тәжірибемен танысу, жинақтау, насихаттау, оны енгізу және тарату.
5) өңірлік, облыстық, республикалық халықаралық мерекелерге, байқауларға, фестивалдерге қатысу арқылы үздік халық шығармашылық ұжымдарын насихаттау.
6) этномәдени бірлестіктерге қолдау көрсету. 
7) ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытуға бағытталған мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларға, түрлі мәдени акцияларға, бастамаларға қолдау көрсету.
Кәсіпорын Курчатов қаласы аумағында мәдениет саласында өз қызметін жүзеге асырады.

Мекен-жайы: ШҚО, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі,1.
Электрондық мекенжай: dom_druzhby@mail.ru 
Телефон: 8(72251) 3-41-01



Парақтар өзгертілді: 17-10-2017