Білім беру және спорт

«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қалалық кітапханасы» КММ

Қорлан Майданқызы Кусембаева
Директор –  Кусембаева Қорлан Майдановна, 1970 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек  жолы:

1990-1991 жж. Семей қаласының  №14 өлкелік кітапханада кітапханашы;
1999-2014 жж.  Курчатов қаласының қалалық кітапханасында кітапханашы;
2014 жылдан осы уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қалалық кітапханасы» КММ директоры

 «ҚР ШҚО Курчатов қаласының қалалық кітапханасы» КММ, ҚР Семей облысының Курчатов қаласы Бас әкімшілігінің 1995 жылғы 1 ақпанындағы № 6 Қаулысының шешімі бойынша «Офицер үйі» кітапханасының дерекқорынан қалалық кітапхана болып құрылды. Кітапхана қоры жергілікті бюджеттің қаражатымен сонымен қатар  мемлекеттік тапсырыспен облыстық Пушкин атындағы кітапхана арқылы толтырылады.

Қалалық кітапхананың негізгі қызметі:

Кітапхана бөлімдері:
Қызмет көрсету бөлімі -  бұл бөлімнен барлық әдебиеттер қолға беріледі. Кітап қоры бойынша –көпсалалы бөлім.Бөлім   жаратылыс  ғылымдар, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, дін тану сонымен қатар әдеби кітаптардан тұрады. Кітапхана күніне  барлық жастағы қолданушыларды  мектеп оқушыларынан зейнеткерлерге дейін  қызмет көрсетеді.
Оқу залы - ақпараттық  қолдау залы, барлық дәрежелі оқырмандарға арналған. Негізгі қызметі - ақпаратты іздеп және жинап, кітапхана қолданушыларына сол мәліметті ұсыну.

Курчатов қаласының қалалық кітапханасы қала тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп отырған бірден-бір мәдениет ошағы.

Бұл «ҚР ШҚО Курчатов қаласының қалалық кітапханасы» КММ, ҚР Семей облысының Курчатов қаласы Бас әкімшілігінің 1995 жылғы 1 ақпанындағы № 6 Қаулысының шешімі бойынша «Офицер үйі» кітапханасының дерекқорынан қалалық кітапхана болып құрылды.

Кітапхана қоры 33346 дананы құраса, оның 7018 данасы мемлекеттік тілде.

Жалпы қор коллекциясында саяси-қоғамдық, жаратылыс тану, техника, ауыл шаруашылық, филологиялық ғылымдар мен көркем әдебиет саласы құрайды.

Кітапхана қоры жергілікті бюджеттің қаражатымен сонымен қатар қала ұйымдары мен жеке кәсіпкерлердің, облыстық Пушкин атындағы кітапхананың қайырымдылық  көмегімен толтырылады.
Жыл сайын кітапхана республикалық және облыстық мерзімді басылымдарды орыс және мемлекет тілдерінде жаздырады

Жыл бойы мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының белгілі және естелікті күндері, халықаралық жағдайлары кітап көрмелерінде, әдеби кештерде, тақырыптық сөрелерде, жалпы бұқаралық ақпарат, танымалды, ойын-сауық, әдеби және басқада көптеген шаралар  орыс және мемлекет тілінде көрінеді.

Кітапхана бөлімдері:

Қызмет көрсету бөлімі -  бұл бөлімнен барлық әдебиеттер қолға беріледі. Кітап қоры бойынша – бұл көп салалы бөлім.
Бұл бөлім   жаратылыс  ғылымдар, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, дін тану сонымен қатар әдеби кітаптардан тұрады. Кітапхана күніне  орта есеппен 50 шақты  барлық жастағы қолданушыларды  мектеп оқушыларынан зейнеткерлерге дейін  қызмет көрсетеді.

Оқу залы - барлық дәрежелі оқырмандарға арналған. Бүгінгі күнде оқу залын  ақпараттық  қолдау деп атауға болады.
Негізгі қызметі - ақпарат жинау, іздеу және кітапхана қолданушыларына ұсыну.
Оқу залында  мерзімді басылымдардың жаңа нөмірлерін қарауға болады. Оқу залының негізгі қолданушылары: мектеп оқушылары, студенттер  және зейнеткерлер. 

Қалалық кітапхананың негізгі қызметі:

Заңды мекенжай: ШҚО, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі 20Б
Қызметтік телефон: 8(72251) 3-22-04
Электронды мекенжай: gor_biblioteka@mail.ru
Жұмыс кестесі: сағат 9-дан 18,30 дейін, үзіліссіз
Демалыс күні: Сенбі -–жексенбі

Парақтар өзгертілді: 12-10-2017