Білім беру және спорт

«Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КМҚК

Бакыт Кожановна Нуржанова Директор – Бағыт Қожанқызы Нұржанова, 1961 жылы туған, білімі жоғары, 1986 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институттың, 1999 жылы Абая атындағы Алматы мемлекеттік университетің бітірген. І санатты мұғалім.

Еңбек жолы:
- 1986-1994 жж. Бесқарағай ауданы Кривинка орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі;
- 1994-2007 жж. Курчатов қаласы мектеп – гимназия, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі;
- 2007 жылдан осы уақытқа дейін «Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК директоры.
«Курчатов қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК Курчатов қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы №1727 қаулысымен құрылды.
2013 жылдың 21 ақпанындағы № 1370 қаулы бойынша «Курчатов қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК атауы ШҚО «Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КМҚК болып өзгертілді. Қазіргі кезде орталықта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері оқиды.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты: білім беру саласында өнідірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Міндеттері:

Мемлекеттік қызметкерлер үшін оқыту курстары Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының бағдарламасы бойынша жүргізіледі, оқыту бес деңгей бойынша өткізіледі: қарапайым, базалық, орта, ортадан  жоғары, жоғары, жетік. Оқытудың мерзімі – 7,5 ай, сабақ аптасына 2 рет 2 сағаттан өткізіледі. Жыл ағымында аралық және қорытынды сынақ қабылданады..
Орталықта  заман талабына сай 13 электрондық, оқу әдістемелік әдебиеттер және түрлі сөздіктермен, интерактивтік тақтамен  жабдықталған мультимедиа – лингафондық кабинеті бар. 

Мекенжайы: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4-үй
Электронды мекенжайы: Centrlan@mail.ru
Телефоны: 8-72-251-3-28



Парақтар өзгертілді: 22-08-2017