Білім беру және спорт

Мектепке дейінгі білім беру

«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасы КМҚК

«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Меңгерушінің міндетін атқарушы: Тілеухан Айжан Назарқызы
Мекен-жайы: Олимпийская, 11
Телефоны: 8 (72251) 2-17-70 (қабылдау бөлімі), 8 (72251) 2-17-71 (есепші)
E-mail: kunshuakd@mail.ru

«Күншуақ» бала бақшасы 2013 жылдың  ақпан айынан бастап «Балапан» бағдарламасы аясында салынып, мемлекеттік тілде жұмыс жасайды.
Жобалық қуаттылығы: 100 орын.
Нақты жинақтау: 145 бала.
Жалпы аумағы: 1877,1 кв.м
Қабат саны: 2 қабат.
Қабырға материалы: бетонды блоктар, кірпіш.
Жылу, сумен жабдықтау және кәріз: орталықтандырылған.
Бала бақшаның ұжымдық құрамы толық. Балалардың тәрбиелеу мен оқыту процесін 17 педагог жүзеге асырады: пелагог-психолог – 1, музыка жетекшісі – 1, ағылшын пәнінің педагогы – 1, орыс тілі пәнінің педагогы – 1, дене шынықтыру нұсқаушысы – 1, тәрбиеші – 12. Педагогтарда кәсіби білімі бар, сондай ақ білімін жетілдіру курстарын уақытылы өтеді.

Жалпы педагогтардың білім деңгейі мен санаты.

Педагогтардың барлығы Білімі Санаты
Жоғары А/Жоғары Арнаулы орта І санат ІІ санат Санат жоқ
17 11 65% 2 12% 4 23% 1 6% 6 35% 10 59%

Педагогтардың еңбек өтілі

Педагогтард ың барлығы 1-5 жыл 5-10 жыл 10-15 жыл 15-20 жыл
17 8 47% 5 29% 2 12% 2 12%

2017-2018 оқу жылынан бастап бала бақшада 5-6 жас балаларына арналған ересек тобы ашылып, өз жұмысын жүйелі жүргізуде. 

Топ бойынша тізімдік құрамы:

Әр жастағы топтар Жас Балалар саны
1 «Балапан» тобы 2-3 жас 25
2 «Ботақан» тобы 2-3 жас 25
3 «Балбөбек» тобы 3-4 жас 25
4 «Балдырған» тобы 3-4 жас 25
5 «Айгөлек» тобы 4-5 жас 25
6 «Айналайын» тобы 5-6 жас 20
Барлығы 145

Материалдық-техникалық базасы барлық топтарға сай, топтар қажетті құралдармен жабдықталған, эстетикалық талғамға және балалардың жас ерекшеліктеріне сай, әсем безендірілген. Бала бақшада музыка залы, психология кабинеті жиһазбен, спорттық құралдармен жасақталған. Сонымен қатар, медициналық және егу кабинеттері, оқшаулау бөлмесі жұмыс істеуге қолайланып жабдықталған.
Балабақша аумағында жасыл ағаштар, гүл бақтары, ойын алаңдары және спорт алаңы бар. Әртүрлі топтың саябағында балалардың отырып демалуына арналған ойын құралдары, құм салынған қораптар орналастырылған. 
Әр баланың ай сайынғы төлем ақсы 9800 теңгені құрайды. Төлем ақы құны баланың 4 уақыт толық қамды тамақтануына жұмсалады.

 

Парақтар өзгертілді: 20-08-2019