Білім беру және спорт

Байқау туралы хабарландырулар

10.09.2019

«ШҚО Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос азаматтық қызметкер: «Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директорының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы 99 990 теңге.  

Мекеменің атауы: Мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын «Курчатов қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Тәуелсіздік көшесі, 10.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, жоғары оқу орындарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда).
Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымдарының қызметін және оның жарғысына сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жалпыға бірдей міндетті оқу заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға бірдей міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі. Білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, тәрбиеленушілер мен оқушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа) қорғайды, туыстық қарым-қатынас жасау үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың белгіленген нормалардан төмен емес ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылар (тәрбиеленушілер) мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында жұмысты ұйымдастырады, тамақпен және медициналық қызмет көрсету бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді.
Оқу-материалдық базаны нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді, ішкі тәртіп, санитарлық-гигиеналық тәртіп, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына жауап береді. Педагог кадрлар мен қосалқы персоналды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штат кестесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Аса ерекшеленген оқытушыларды және білім беру ұйымдарының басқа қызметкерлерін сыйақылар мен сыйлықтар үшін ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымын ұсынады, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық құқықтар мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының атына конкурсқа қатысу үшін тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. білім туралы құжаттың көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. фотосы бар кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
  6. бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен марапаттаулар көрсетілген өндірістік мінездеме;
  7. қолда бар біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
  9. сотталмағандығы туралы анықтама;
  10. мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметі растайды.
Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, 113 кабинет; «ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ; электрондық мекенжай бойынша: goo_kurch@mail.ru
Анықтама телефондары: 872251 3 47 45; 8(72251) 3 47 46.

 

Парақтар өзгертілді: 10-09-2019