Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметшінің имиджі

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтарының  бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилігін және басқарманың тиімді құрылымын құруда біздің мемлекетіміздің алдында тұрған  мақсаттардың іс жүзінде жүзеге асырылуы  көбінесе мемлекеттік қызметшілеррдің кәсібилігіне байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев мемлекетті тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшілердің  бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерін белгілеп өтті. Олар – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны тәжірибеде қолдана білуі, шыншылдығы, адалдығы, белсенді өмір ұстанымы. Мемлекеттік қызметте тұрған әрбір адам өз жұмысының маңызын білуі керек және өз елінің патриоты болуы қажет.
Осы қадамда маңызды мәселердің бірі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджінің қалыптастыру және нығайту мемлекетттік жүйені дамытудағы басымды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қатылыптастыру үрдісі атқарушы саяси  биліктің имиджімен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-ұждан кодексінеде анықталған, онда: «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет жағынан ерекше сенімі болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральді-әдебіне жоғары талап қойылады». Мемлекет осы бағытта мақсатты түрде жұмыстар атқаруда. Осыған дәлел «Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 830 қаулысы болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер келесі әдеп нормаларын басшылыққа алу қажет:

  1. Ол билікгін және құзыретін қолдана білуі қажет және шыншыл болу қажет.
  2. Мемлекеттік қызметте өзінің жағдайынды жақсарту үшін емес,  мемлекет қамы үшін жұмыс істеу қажет, мемлекет қаражетын өз қалтасымен шатастырмауы қажет.
  3. Шенеулік «Немен күн көріп жүрсіз?» деген сұрақтан қорықай өмір сүруі қажет, оның зәулім үйлерінің, биік қақпаларының және қымбат иномаркаларының түсірілген суретерінің шығуына себеп болмауы қажет.
  4. Заң талаптарымен толық келісімде өмір сүруі қажет.
  5.  Кез келген жерде, лауазымда  халықтың, азматтардың өз мемлекетінің қандайда жағдай болмасын сенімінен айырылмауы қажет.
  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері әділдіктің, сыпайлықтың үлгісі болуы қажет және өзін адамдар арасында ұстай білуі қажет.
  7. Ұжымды басқармас бұрын, ол өзі алдымен өзінің қызметкерлеріне қойылған талапты орындай білуі қажет.
  8. Мемлекеттің мүддесіне зардап тигізіп жатқанда немесе сыбайлас жемқорлық жасалайын деп жатқан жағдайда дереу араласу, шешім қабылдау қажет.

Парақтар өзгертілді: 16-11-2017

НОВОСТИ ПО ТЕМЕ