Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі *.doc 69 KB

Курчатов қаласы әкімдігі бойынша әдеп жөніндегі уәкілінің жұмысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Курчатов қаласы әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №120 өкімімен жаңадан Курчатов қаласы әкімдігі бойынша әдеп жөніндегі уәкілі болып аппарат басшысы Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы бекітілді.
Ол қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді. Ағымдағы жылы әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жоспарлы 4 жиналыс өткізілді.
Жергілікті атқарушы органдары ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимдік сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметшілермен жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, жалпы қабылданған іскерлік талаптардың орындалуы тиісті деңгейде және қалыпты жағдайда екені байқалды.
Қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптардың бұзылуы және сын-ескерпелердің берілуі, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда маскүнемдік күйде жүру, өздерінің әлеуметтік желі парақтарында мемлекеттік қызметкерге жат қылықтары бейнеленген бейне суреттері мен бейне таспаларын жариялау (демалыс орындарында, аңшылық, қымбат автокөліктер жанында, бағалы заттармен зергерлік бұйымдар көрінісімен және т.б) сияқты олқылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиалардардағы акаунттарына жүйелі мониторингілеу және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында 1 факт орын алып, заңбұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік органдарын жоғары кәсіби, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қала әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің беделін жоғарылату мақсатында 2017 жылы 27 маусымда ішкі саясат бөлімі мен жастар орталығының бірлесе ұйымдастыруымен 20 – 35 жас аралығындағы қаланың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің арасында «Ең үздік мемлекеттік қызметші» атты конкурс өткізілді. Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сол сияқты, қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және қалалық жастар орталығының бірлесуімен «Ашық есіктер күні» өткізілді. Іс-шараға жұмыссыз есебінде тұрған жастар, қала әкімдігінің мемлекеттік қызметші қатарына кірмейтін, техникалық қызметшілері қатысты. Ашық есіктер күнінде әдеп жөніндегі уәкіл Н. Қошқарбаев жастарды қабылдап, мемлекеттік қызметке тұрудың тәртібі мен оларға қойылатын талаптар туралы түсіндіре келе, өткізіліп жатқан іс-шара жас мамандардың кәсіби сана-сезімін дағдыландырып қалыптастыру «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырудағы маңызды шаралардың бірі екеніне тоқталып өтті. Қабылдау соңында жастарды ойландырған сұрақтарға жауап берді. Осыған ұқсас шара қала мектептерінің оқушыларымен де өткізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) 5 тармағының 10 тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдаланулары міндетті. Осы мақсатта Курчатов қаласы әкімі А. Ондақановтың 2017 жылғы 07 қарашадағы № 41 «Қызметтік автокөлікті пайдалану туралы» өкімімен Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдарының теңгерімдерінде есепте тұрған қызметтік автокөліктерді нақтылы лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігіне бекітілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік автокөліктерді пайдалану кезіндегі Әдеп кодексінің, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заңының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметтік автокөліктеріне ерекше белгілер ретінде жапсырмалар жапсырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әдеп жөніндегі уәкіл Н. Қошқарбаевтың басты назарында.

Мәдениет

Мәдениет

Мәдениет

Мәдениет

Мәдениет

Мәдениет

Мәдениет

 

 

Парақтар өзгертілді: 08-12-2017