|
Жолдауды талқылаймыз
Жыл сайын курчатовтықтар мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен тыңдайды. Осы жылғы Жолдау бағдарламалық бағытта болатындығына сендік, себебі республикамыз ауқымды өзгерістерге аяқ басады. Бұл солай болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономикамыз сыннан шыққан -2009 жылдың қорытындысын нақты талдады. Біз жаһандық дағдарыстан сүрінбей өттік. Себебі бүгінгі күнге дағдарыстан бетбұруға дайындық жоғары, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы белсенді, Қазақстанның болашақта құрылуына толық дайынбыз.
Президенттің мемлекетіміздің даму болашағын көретіндігі қуантады, ол үкімет тарапына, әр қазақстандықтарға нақты міндеттерді алдынғы қатарға қояды. Жақсы жағдайларда өмір сүргісі келген әрбір адамға белгілі бір іспен айналысуға, білімін жетілдіруге мүмкіндік бар. Біз «Нұр Отан» партиясының мүшелері Жолдауда айқын көрсетілген барлық жоспарларды жүзеге асыру үшін күнделікті нақты істерді атқарып, ең маңыздысы – біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасындағы келісім мен бейбітшілікті сақтау.
Сонымен қатар мемлекет Басшысы өмірімізде маңызды орын алатын (ТҮКШ, құрылыс, кәсіпкерлік) салаларда жіберілген қателерді ортаға салып, оларды жою жолдарын көрсетті.
Дана, мықты, есімі әлемге әйгілі адам басшылық ететін елде өз халқың, елің үшін аянба еңбек ете бергің келеді.
Старенкова Е.В., «Нұр Отан» ХДП
Курчатов қалалық филиалының төрайымы
Қарт адамдар 29 қаңтарда теледидар арқылы тура арнада жүзеге асқан мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен қарады, онда Қазақстан Республикасының 2010 жылға экономикалық және саяси дамуы мәселесіне қатысты нақты міндеттер айқындалды. Әсіресе ҰОС жылдарындағы Жеңістің 65-жылдығына орай мерекелерді дайындауға және өткізуге қолданылатын шараларға, соғыс ардагерлеріне, оларға теңестірілгендерге, қаза тапқандардың жесір әйелдеріне, соғыста қаза тапқан ардагерлерге құрмет көрсету мәселесіне де тоқталды. Мемлекет Басшысы әлеуметтік саланы дамытуға аса назар аударды, мысалы, төмен қамтамасыз етілген отбасыларына арналған төлемдерді, сонымен қатар 2010 жылғы 1 сәуірден бастап бюджеттік салада жұмыс жасайтын жұмысшылардың еңбекақысын жоғарлату.
Республикада білім беру, денсаулық сақтау жүйелеріне және аграрлық салаларға дұрыс бағыт бағдар жасау қажет. Біздің фермаларға, ауыл шаруашылыққа, шағын және орта бизнеске аса назар аударылды.
Нұрсұлтан Әбішұлы болашақта жаһандық дағдарыстан өтуге үстемдік жасайтын Қазақстанның Белорусь, Ресеймен кеден одағының құруылуы жайлы айтты.
Жыл сайын біздің соғыс ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріміз мемлекет Басшысының Жолдауын талқылайды. Себебі олар еліміздің өмірімен қатар өмір сүріп, Республикамыздың оң өзгерістеріне қуанып, еліміздің игілігі үшін еңбек ететін жандар.
Куликова Галина Ивановна,
Курчатов қаласының ардагерлер Кеңесінің төрайымы
Мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз халқына жыл сайынғы Жолдауын зор ықыласпен қарап, тыңдадым.
20-жылдық жұмыс өтілі бар кәсіпкер ретінде мен мемлекет Басшысының шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі жөнінде айтқан сөзіне баса назар аудардым.
Елбасы Жолдауында еліміздің шағын және орта бизнестің дамуы қамтылған, онда Қазақстанда алғаш рет «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы әзірленетіндігі айтылды.
Президенттің бағдарламасы және осы бағдарламада айтылғандар бізді одан да жақсы жұмыс жасауға ынталандырады, бұл орайда шағын және орта бизнестің өсуіне, жұмыссыздықтың төмендеуіне, отандық тауарлармен, қызметтермен қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға, ІЖӨ мен еліміздің бюджетіне әсері үстем болмақ.
Ең бастысы шағын және орта бизнес қоғам тұрақтылығының негізі ретінде орта классты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Дёмышев В.А.
қалалық мәслихаттың депутаты,
«Фортуна» Курчатов қаласы кәсіпкерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Азот» ӨК директоры
2010 жылдың 29 қаңтарында «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын назар қойып тыңдады.
Жолдауда Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік және қоғамдық өмірі қамтылды. Сонымен қатар еліміз үшін күрделі мәселе болып табылатын бұрынғы мемлекеттік меншікті қайтару мәселесі де айтылды.
Ел Президенті Республиканың индустриалды-инновациялық және Ұлттық Инновациялық жүйенің дамуын басты назарға алды. Жолдауда жергілікті атқарушы органдарына болашақта өнімдерге бақылауды жүргізумен қатар оларды қаржыландыру мәселесіне жауаптылықтың арта түсетіндігін айтты. 2010-2014 жылдарға индустриалды даму Бағдарламасы Жолдауда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне кәміл сенеміз.
«Ядролық технологиялар паркі» АҚ- 2004 жылғы Президенттің Жолдауын оң жүзеге асырғандардың қатарында, себебі Президенттің тапсырмаларын сөзге айналдырмай іске асыруды алға қойды.
Президенттің Жолдауын тыңдағаннан кейін өткізілген брифинг болашақ кезеңге негізгі бағыттар шағын және орта бизенсті дамыту, инновациялық өндірісті және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың қазақстандық сипатын жоғарлату болып табылады.
«Ядролық технологиялар паркі» АҚ Президенттің бағыттары, инновациялық өндірістерді дамытуды, ІӨӨ ұлғайту және өңірдің әлеуметтік дамуын жан-жақты қолдап, Президент Жолдауын жүзеге асыруға бағытталатын жұмыстарды жалғастырады.
Ковалев Владимир Васильевич,
«Ядролық технологиялар паркі» АҚ вице-президенті
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын зор ықыласпен қарадым.
Нұрсұлтан Әбішұлы осы жылға арналған барлық мақсаттар мен міндеттерді нақты айқындап, Жолдауда мемлекет өміріндегі жүзеге асырылатын маңызды істерді қамтыды.
Мемлекет Басшысы «Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге Қазақстанның барлық облыстарында, өңірлері мен аудандарында бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды іске айналдыруы тиіс, сонымен қатар министрліктер әкімдермен бірлесе еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға арналған барлық іс-шараларды анықтап, олардың іс жүзінде іске асырылуын орындау қажет»,- деп қадап айтты.
Жастар өкілдері атынан мен Қазақстанда бұқаралық дене шынықтыру - спорттық қозғалысын дамыту мәселесін қолдай отыра, барлық қазақстандықтарды сыртта қалмай, еліміздің спорттық базасын нығайтып, дамытуда белсенділік көрсетуге шақырамын.
Мемлекет Басшысының салауатты өмір салтына осындай көңіл бөлетіндігі қуантады.
Мен Президенттің өлшемді, көрегендік саясатын қолдаймын. Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша барлық іс-шараларда белсенді қатысатын боламын.
Ирина Горбункова
|