|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
Курчатов қаласы оқушыларының арасында өткен волейбол біріншілігі
2010 жылғы қаңтардың 30-31 күндері Курчатов қаласының балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қала мектептерінің оқушылары арасында волейбол біріншілігі өтті.
Жарысқа 8-11 сыныптан 60-қа жуық оқушылар қатысты.
Қатысушылар арасында бар ықыласын, күш қайратын салып, жүзден жүйрік болғысы келгендер қатары айтарлықтай көп болды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға №3 орта мектеп, екінші орынға мектеп-гимназия, үшінші орынға №1 орта мектеп иеленді.
Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары грамоталар мен өтпелі кубогімен марапатталды.
Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі
|
|
|
|
|
|
|
|
|





|