«Жаса, жайна, менің Қазақстаным!»

4 ақпанда қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Н.Утенковамен «Нұр Отан» ХДП Курчатов қалалық филиалы төрайымының бірінші төрағасымен бірлесе 14 жас пен 18 жас аралығындағы жастар үшін «Жаса, жайна, менің Қазақстаным!» атты тақырыпта өткізілген «дөңгелек үстел» «Әр мемлекеттің  өзіндік маңызды атрибуттары оның нышандары –Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болып табылады. Олар мемлекеттің тарихын айқындайды, патриоттық сезімге, Отанды мақтан тұтуға баулыйды, оларда мемлекеттің ұлттық құндылықтары мен жетістіктері табысады»,-деген жолдармен ашылды.

Осы іс-шара жас буынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарының мағынасы мен құндылығын, мемлекетіміз үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік нышандардың маңыздылығын түсіндіру, оларды құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, жастардың мәдениеттілігі мен ой өрістерін арттыру мақсатында өтті.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларына әр түрлі  ұжымдық жұмыстар берілді, нәтижесінде әр қатысушы өткізілген іс-шараға тартылды.

Қорытындысында «дөңгелек үстел» жұмысында белсенді қатысқан жастар өкілдеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кездесу соңында жастар қатарымен осыған тәуелді іс-шараларды болашақта да өткізу жөнінде шешім қабылданды.

 

Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 


Келушілер: 282037
Copyright © 2009-2010
071100, Қазақстан Республикасы,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4

Сайт әкімшінің телефоны: 8-(72251)-2-27-84
e-mail:master@akim-kurchatov.kz