|
Атомдық энергия Институтында кәсіподақтың жаңа құрамы тағайындалды
2010 жылғы 10 наурызда атомдық энергия Институтында институттың және кәсіподақ Комитеті басшыларының қатысуымен еңбек ұжымының конференциясы өтті. Бұл конференцияда өткен жылдың қорытындылары айтылып, бес жыл кезеңінде институттың кәсіподақ қызметі бағаланды.
Конференцияны институттың директоры Е.А.Кенжин ашты, ол өзінің баяндамасында кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайы мен болашағы жайлы айтты.
Е.А.Кенжин өз сөзінде Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы шеңберінде еліміздің атомдық энергетика саласын дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша күрделі жұмыстарды атқару қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Қазақстанды 2020 жылдарға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарына Курчатов қаласында АЭС құрылысы бойынша іс-шаралар жоспарын енгізу жоспарлануда.
Одан кейін Институттың қызметкерлерімен, әкімшілігімен 2009 жылға арналған Ұжымдық шарттың орындалу қорытындысы да айтылды.
Конференция барысында кәсіподақ төрағасы С.Н.Феоктистовтың 2005 жылдың ақпанынан бастап 2010 жылдың ақпаны аралығында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Есептік баяндамасында кәсіподақ жұмысының барлық бағыттары айтылды, бұл: жұмысшылардың құқықтарын қорғау, балалармен жұмыс, санаториялық-курорттық емдеу. Кәсіподақ жұмысы қанағаттандырылып, одақтың бес жылдық мерзімге жаңа құрамы тағайындалды, С.Н.Феоктистовты қайта тағайындау шешімі бір дауыспен қабылданды.
Еңбек ұжымы конференциясының жұмысы осымен аяқталды.
ҚР ҰЯО АЭИ кәсіподақ комитеті
|