http://www.ncgp.kz/


Құрметті курчатовтықтар!

«Салауат» Шығыс Қазақстандық  жастар бірлестігі  Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдау көрсетуімен 2010 жылдың 28 тамызында «Жастарда отбасылық және неке құндылықтарын қалыптастыру» атты жоба шеңберінде облыстың қалалары мен аудандары арасында «Үлгілі отбасы» атты облыстық аймақтық конкурсты өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2010 жылдың 25 тамызына дейін қабылданылады.


Конкурс мақсаты:
көпшілік тұлғалардың назарын аударту; отбасының басты құндылықтарын қалыптастыру және нақтылау.
Конкурста 35 жасқа дейінгі жастағы, 3-4 адамнан тұратын отбасылар қатыса алады. Конкурстың қорытындылары бойынша ең тату, спортшыл және интеллектуалды отбасы үлгілі отбасы болып табылады. Қатысушылар негізгі ережелермен кешке 27 тамызда «Профкомплекске» келген уақытта танысатын болады.
Қалаға дейінгі жол ақы отбасы-қатысушы немесе аудан-жіберуші есебінен жүргізіледі. Ұйымдастырушылар тұру мен тамақтану шығындарын өз есебінен жүргізеді.

Семей қаласына келу:
2010  жылдың 27 тамызы.

Тіркеу орны:
Семей қаласы, Контрольный ауылы, «Профкомплекс» санаторий.

Конкурс қазақ тілінде өтеді.


Барлық сұрақтар бойынша жоба менеджері Бахыт Топтайевамен 8 (7222) 35 44 49, 8 707 420 52 53 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

 

«Салауат» Шығыс Қазақстандық  жастар бірлестігі 

 


Келушілер: 938899
Copyright © 2009-2012

071100, Қазақстан Республикасы,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4

Сайт әкімшісі:Жантоқова Құралай Серікқызы
Сайт әкімшісінің телефоны: 8(72 251) 2-38-32
e-mail: syte@kurchatov.vko.gov.kz