Қозы көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні!

15 сәуір күні Қазақстанда Қозы Көрпеш –  Баян сұлу – ғашықтар күнін мерекелейді. Қалалық мәдениет үйінде Ұлы махаббат күніне арналған байқау өтті.
Сыңға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің атынан 3 жас жұп қатысты.
Қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін паш етті. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті, қатысушылар белсеңділік танытты. Барлық жұптарға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табысталды. 
Байқаудың қорытындылары бойынша, Бас жүлдені №3 орта мектебінің оқушылары Храбан Дмитрий мен Валабуева Анастасия жеңіп алды.
«Жарасымды жұп» номинациясын №4 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Ерік Екпін  мен  Орынбекова Салтанат иеленді.
«Әдемі жұп» номинациясы № 2 орта мектебінің оқушылары Орынбасар Алишер мен Дементьева Викторияға берілді.
Байқау соңы би кешіне ұласты.

Қозы көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні!

Қозы көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні!

Қозы көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні!

Қозы көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні!

Қозы көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні!

Жастар ресурстық орталығы