Тиімді мемлекеттік орган – барлық қаланың табыс кепілі

2017 жылдың 19 сәуірінде Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы Н. Қошқарбаевтың төрағаллығымен жыл сайынғы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жиналыс өткізілді, жиналыс барысында мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару бөлімінің азаматтардың өтініштерімен жұмыс, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану бағыттары бойынша 2016 жылдың қорытындылары қаралды.
Жиналысқа дербес бөлімдердің, ведомства аралық ұйымдардың мамандары және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-ның мамандары шақырылды.
Жиналыс барысында қала әкімі аппаратының экономика және бюджетті жоспарлау, кеңсе, персоналды басқару, ақпараттық тенологиялар және мемлекеттік қызметті мониторингілеу бөлімдері басшыларының талдау мәліметтерімен ақпаратттары тындалды. Әрбір басшы қатысушыларға  жыл сайынғы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесіндегі барлық өзгерістерді айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына сыбайлас жемқорлық қауіпін төмендетуге көп көңіл бөлінді.
Жиналыс қорытындысы бойынша Нұрбек Тұрсынқанович әрбір басшыға бірқатар тапсырмалар берді.

Тиімді мемлекеттік орган – барлық қаланың табыс кепілі