«Бала шақтан - болашаққа мемлекеттік тілмен»

2017 жылдың 4 мамырында Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай, Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа мемлекеттік тілмен» қалалық конкурсы өткізілді.
Достық үйінде өткізілген конкурсқа 4-6 жас аралығындағы балабақша тәрбиеленушілері қатысты.
Ісшараның мақсаты – бүлдіршіндердің және ата-аналардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру және мемлекеттік тілді оқытудың жайын зерделеу.
Конкурс барысында кішкентай бүлдіршіндер өздерін және отбасы мүшелерін мемлекеттік тілде таныстырып, Отан, тіл, ата-ана, достық, бақытты балалық шақ туралы тақпақтар орындады.
Сонымен қатар, конкурстың «Бұл кім, ол не?» бөлімінде экранда көрсетілген жеміс-жидектер және жан-жануарлардың атауларын мемлекеттік тілде атап, тапқырлықтарын көрсетті.
Ісшара соңында барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Бала шақтан - болашаққа мемлекеттік тілмен»

«Бала шақтан - болашаққа мемлекеттік тілмен»

«Бала шақтан - болашаққа мемлекеттік тілмен»

«Бала шақтан - болашаққа мемлекеттік тілмен»

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Парақтар өзгертілді: 10-05-2017

 

 

 

 

 

Copyright © 2009-2017

071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО,
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Кеңсе бөлімінің телефоны: 8 (72251) 3-37-95, 8 (72251) 3-29-39
e-mail: it.kurchatov@akimvko.gov.kz 
Сайт әкімшісі: Шамиев Адлет Ануарханов
Сайт әкімшісінің телефоны: 8(72251) 7 90 29
e-mail: d.kabieva@akimvko.gov.kz