«Айбын» әскери-спорттық жастар жиыны өтті

2017 жылғы 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25-жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай № 3514 әскери бөлімінің атыс алаңында қалалық «Айбын» әскери-спорттық жастар жиыны өтті.
Отанға қорған, халыққа қалқан – әскери жауынгерлердің өмірімен етене танысып, қызметінің қыр-сырына қанығуға мүмкіндік беретін «Айбын» әскери-спорттық жастар жиынына қала мектептері бойынша 3 топ қатысты.
3514 әскери бөлімі «Айбын» әскери-спорттық жиынына келген жастарды әскери қарулардың көрмесімен таныстырудан басталды.
Әскери-патриоттық жарыста 25 оқушы пневматикалық қарудан оқу ату, белтемірде тартылу, ұлдар 1500 метрге, қыздар 1000 метр қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, граната лақтыру, газтұтқыш пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, АК-74 автоматын бөлшектеу мен қайта жинаудан жарысқа түсіп, спорттық қабілеттерін көрсетті.
Жиын қорытындысы бойынша ІІІ орынды №2 мектептің командасы, ІІ орынды №1 мектептің командасы, І орынды №4 мектептің командасы жеңіп алды.
Болашақта отан қорғаушылар қатарын толықтыратын жастар үшін жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бір күн болса да, әскери өмірдің қызығы мен шыжығын көріп, керемет әсерге бөленді.

Жастар ресурстық орталығы