Құрметті Эрлан Гадлетович және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері!

Сізді Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылуының 25-жылдығымен құттықтаймын.  Орталықтың құрылуы бірегей ғылыми-техникалық кешенді сақтап, атом энергиясын қолдану саласындағы біліктілігі жоғары ғылыми-техникалық мамандарды жұмыспен қамтыды.

Сіздердің қызметтеріңіз Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін көтеріп келеді. Сондай-ақ, еліміздегі болашақ жас ғалымдарға ғылыми-техникалық, технологиялық және кадрлық база құрудағы Ұлттық ядролық орталығының зор үлесін айтып өту керек. 

Атом саласында әр кезде біліктілігі жоғары, әріптестерінің құрметіне ие және қоғамда беделі зор мамандар жұмыс істейді. Сіздердің араларыңызда тек жоғары деңгейлі мамандар қызмет етеді.
Осы айтулы күнде Эрлан Гадлетович, Сізді мерейтойлы датамен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сізге және өзіңіз басқарып отырған ұжымға жаңа ғылыми жетістіктерге жетуге, денсаулық, табыс, отбасыларыңыздың аман-есен  және  тату болуына, ертеңгі күннің деңгейлігін және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне тілектеспін!

Курчатов қаласының әкімі А.Ондақанов