Меморандумдағы уағдаластықтарды жылжыту мақсатында

2017 жылдың 10 тамыз күні «БЖЗҚ» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды.
2017 жылғы қыркүйектің 28 күні қол жеткізілген уағдаластықтарды жылжыту мақсатында Курчатов қаласында таныстырылымдар өткізілді.
Таныстырылымдарды спикер ретінде «БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалының директоры Богомолов Дмитрий Владимирович өткізді.
Кездесу барысында Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы, бюджеттік ұйымдардың мемлекеттік органдарының басшылары және елді мекендердің тұрғындары қатысты.
Өткен кездесулер барысында облыс тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуы, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.
Меморандумға сәйкес елдімекендерде тұрғындары арасында, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың еңбек ұжымдары арасында таныстырылымдар арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті материалдар жариялайтын болады.