Аялайық қарттарды

Жыл сайын 1 қазанда әлемдiк қауымдастық Халықаралық қарттар күнiн атап өтедi. Бұл мереке аға буын адамдарын құрметтейтiн, ардагерлерге қамқорлық танытатын мереке болып саналады.
Президентiмiз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың парасатты, салиқалы басшылығымен жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк саясаттың арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттау мен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi.
Қарияларға қамқор болу — барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар — мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi.
Бұл күнi бiз ата-аналарымызға және зейнеткерлiк жастағы барлық адамдарға құрмет бiлдiремiз. Олардың ағарған шаштары халқымыздың даналығы мен тәжiрибесiн сақтауда.
2017 жылдың 4 қазанында Достық үйінде «Аялайық қарттарды» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Бұл ісшараға этномәдени бірлестіктері, Аналар кеңесінің және Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.
Ісшараның соңында қаланың меценаты Жұлдыз Ерсайынқызы Шаушимова аға буын өкілдерін жайылған ақ дастарханға шақырды.


Достық үйі