«Қауіпсіздік мектебі - 2017»

Қалалық кезеңнің жеңімпазы атанған «Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ командасы  5 қазанда «Дарын» денсаулық лагерінің базасында  «Қауіпсіздік мектебі - 2017» атты  бірінші өңірлік жиналысына қатысты.

Іс-шара бағдарламасы «Іскерлік карточка», «Өрт сөндіру эстафетасы», «Спортлэнд» және «Бірінші көмек» атты байқаулардан болды. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі қалалары мен аудандарынан 70 бала қатысты.          

«Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ бұл формадағы жарыстарға алғаш  қатысуларына байланысты конкурсқа дайындалу барысында қобалжығандарын жасырмады. Аталмыш шарада тек жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар біздің кішігірім қаламызда спортпен шұғылданатын өздерін көрсете білетін және жігерлі және  қабілетті балалар бар екенін көрсету керек болды. Білгеніміздей  үмітіміз ақталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ командасы Семей қаласының командасынан асып түсіп, екінші орынға ие болды. Байқау жеңімпаздары Өскемен қаласының командасы болды.