«Жаңа оқу жыл!»

Міне Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінде жаңа оқу жылы басталды.2017 жылдың 5 қазан күні «Самоделкин» студиясында «Балалар біздің болашағымыз» атты ата-аналарға арнап шеберлік сағаты өтті. «Пластилинография» әдісі бойынша ата– аналар қолөнер бұйымын жасады.Сондай-ақ 2017 жылдың 6 қазан күні «Өнер әлемі» үйірмесінің жетекшісі Калимолдина А.К өз ата-аналарымен «Қол өнерім- төл өнерім» атты шеберлік сағатын өткізді. Ата-аналар түрлі-түсті қағаздан «Қолшатыр» жасады.
Ата-аналар үйірмелер жайлы толық ақпарат алып,өз ойларын ортаға салды.Шеберлік сағат өз мәресіне де келіп жетті.Алда тағы да осындай іс-шаралар өткізіледі деген оймен тарқастық.