Қызықты кездесу

2017 жылдың 10 қазанында Достық үйінің ұжымы № 4 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына қызықты, әрі танымды кездесу ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты балаларды ұжымның және этномәдени орталықтардың жұмысымен таныстыру, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын халықтарының ұлттық салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету.
Іс-шарада оқушылар Достық үйінің қызметімен және Курчатов қаласында тұратын халықтарының әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен танысты.
Кездесу барысында оқушыларға арналған танымды ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.
Бүгінгі кездесу маған қатты ұнады, - деді 8 А сынып оқушысы Амангүл Құмарбекова.
Бүгін мен Курчатов қаласындағы өзге ұлттардың дәстүрі, құнды жәдігерлері жайлы көп мәлімет алдым. Тағы да келеміз деген ойдамын,- деді Амангүл Құмарбекова.

Достық үйі