Жастар мәслихатының депутаттарын марапаттау

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Курчатов қаласының әкімдігінің отырыс залында ШҚО Жастар мәслихаты сайлауының қорытындысы бойынша селекторлық жиналыс өтті. Жиында жастар ресурстық орталығының директоры Жолдахмет Берік Серікұлына Жастар мәслихатына депутаттарды сайлау науқанының ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы Е.Нәбиевтың алғыс хатымен марапатталды және қала әкімінің орынбасары А.Глазинский Жастар мәслихатының депутаттарын төс белгілер тағып құттықтады. Сонымен қатар, Уркунбай Азамат Курчатов қаласының жастар мәслихатының бірінші сессияның төрағасы ретінде сайланды.
Жас депутаттар мен жастар мәслихатының жұмысына сәттілік тілейміз!

Жастар ресурстық орталығы