«Жас отбасы мәселелері және үрдісі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық»

2017 жылдың 11 қазан күні Курчатов қаласының Жастар ресурстық орталығы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде отбасылық құндылықтарды сақтауға арналған «Жас отбасы мәселелері және үрдісі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жас отбасыларды қолдау, жастар арасында адам өміріндегі отбасы ролін насихаттау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сыйлауға баулу.
Шараға қала жастары, АХАТ бөлімінің маманы, мектеп психологтары қатысты. Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, топтарға бөлініп жұмыс істеді. «Отбасылық зорлық-зомбылық» атты презентация жасап, оны таныстырды.
Семинар-тренинг соңында қатысушылар бірі-біріне табыстар тілеп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Жастар ресурстық орталығының