1 желтоқсан күні Курчатов қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Демалыс күні ауылшаруашылық жәрменкесінен басталып, салтанатты іс-шаралар автошеру және флешмобпен жалғасты. Қала тұрғындары мәдениет үйінің әртістерімен ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалап қайтты.